Лұт Әлшекенов Ұлттық қорғаныс университетінің басшысы болды

Лұт Әлшекенов Тұңғыш Президент — Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің басшысы болып тағайындалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

«Лұт Сапуұлы Әлшекенов Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы лауазымына тағайындалды», — делінген жарлықта.

Лұт Әлшекенов 1966 жылы 13 тамызда Астрахан облысы Краснояр ауданы Қараөзек ауылында дүниеге келген. 1983 жылы Астрахан облысы Краснояр ауданы Байбек ауылында орта мектепті бітірген.

Әскери қызметін Германиядағы Кеңес әскерлері тобынан бастаған. 2020 жылдың наурызынан бастап Қорғаныс министрлігі Кадр жұмысы басқармасының бастығы қызметін атқарған.

Новые увлечения и первые успехи: чему подростки учатся в досуговых центрах Медеуского района

В Алматы работают 100 досуговых центров, которые регулярно посещают...

Бостандық ауданында тоғызқұмалақтан BOSTAN CUP турнирі өтті

18 қараша күні Алматы қаласының Бостандық ауданында ұлттық зияткерлік...

Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені:жетістіктері мен даму мүмкіндіктері

Қазақстан – ауыл шаруашылығы саласын дамытуға зор мүмкіндігі бар...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ПОЛЯК ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Бүгін Абай университетінде Польша тілі мен мәдениеті орталығының салтанатты...