Квота бойынша жұмыс орындарына сотталғандарды жұмысқа орналастыру

СҚО Петропавл қ. әкімдігінің қаулысына сәйкес пробация кызметінде есепте тұрған сотталғандар мен бас бостандығынан айыру мекемесінен босатылған тұлғаларды жұмыс орындарына орналастыру үшін квота белгіленді.

Сотталғандарға квота «Петропавловский водочный завод» ЖШС, «Пилон» құрылыс компаниясы» ЖШС, «Основания» ЖШС, «ПХБК» ЖШС, «Стройкомпания» ЖШС, «Зерттеу СК» ЖШС, «Спецкомунстрой» ЖШС, «Султан» АҚ, «Коммунхоз Петропавловск» ЖШС және «Севимстальком» ЖШС, «Альфа-Север» ЖШС, «Дочернее предприятие «Мельница ПХБК» ЖШС мекемелерінде бекітілді. Пробация қызметінің қызметкерлерімен квотаға сәйкес СҚО Петропавл қ. жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы сотталған азамат Ш. «Петропавловский водочный завод» ЖШС жұмысқа жүк тиеуші болып орналастырылды.

Сотталғандармен қайта қылмыс жасаудын негізгі себебі жұмыссыздықтан болғандықтан, пробация қызметімен сотталғандарды жұмысқа орналастыру күнделікті жүргізіледі. Жылдын басынан тұрғылықты мекен жайы бойынша 7 сотталған жұмыспен қамтылды. Қазіргі уақытта пробация қызметімен сотталғандарды квота бойынша жұмыспен қамту жұмыстары жүргізілуде.

СҚО бойынша ҚАЖД Петропавл қ. ПҚБ аға инспекторы
әділет капитаны Мұрат Серікпайұлы Сүйіндіков

Спорт — күш пен салауатты өмір салтының кепілі

Орта қауіпсіздік мекемесінде Спорт күніне орай сотталғандар арасында спорттық...

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде волейболдан турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай прошел турнир по волейболу

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай при...

В женской колонии области Абай прошёл турнир по настольному теннису

В женской колонии области Абай в честь Дня спорта...