12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Квазисекторға қатысты істер екі есеге артты

Бүгін Атырау облыстық сотында «Квазимемлекеттік сектордың сатып алулары саласындағы әкімшілік істерді қарау сот тәжірибесі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға әкімшілік алқа, МАӘС төрағасы мен судьялары,  «ҚазМұнайГаз» «Ембімұнайгаз», «Қазпошта» АҚ, «АМӨЗ», «Karabatan Utility Solutions», «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc» ЖШС өкілдері, заңгерлері қатысты.

Облыс ӘІСА төрағасы Анаргүл Салихова алғы сөзінде іс-шараның маңыздылығына тоқталып, қатысушыларға жемісті пікірталас тіледі.

Спикер статистикалық мәліметтерді келтіре отырып, келіп түскен әкімшілік талап қоюлардың жалпы санынан 2023 жылы және 2024 жылдың 9 айында бизнеске қатысты түскен талап қоюлар 25% құрағанын, оның ішінде квазимемлекеттік сектордың қатысуымен: 2023 жылы шамамен 7%, ал 2024 жылы екі есеге жуық (шамамен 15%) артқанын айтты. Аталған санаттағы істердің қанағаттандырылған пайызы 67-64% құрады. Егер 2023 жылы квазисектордың қатысуымен талап қоюлар бірінші үштікке енбеген болса, ағымдағы жылы берілген талап қоюлар саны бойынша істердің басқа санаттарынан артып, бірінші орында тұр.

Кездесу барысында «АМӨЗ» құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің заңгері Роман Асанов соттарда әкімшілік істерді қарау кезінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің өзекті мәселелерін атап айтты.

Спикер процес тараптарын айқындай отырып, ӘРПК қағидаттарына, талап қоюды қамтамасыз ету бойынша қабылданатын шараларға, әкімшілік әділет шартын бұзу туралы даудың соттылығына тоқталды.

«ЕМГ» құқықтық қамтамасыз ету департаментінің наразылық-талап жұмыстары бөлімінің жетекші заңгері Нұрсұлтан Адилов Қордың тобына кіретін ұйымдарды «Самұрық-Қазына» АҚ әкімшілік органы деп тануға байланысты кейбір мәселелерді айтты.

Спикер квазисектордың қатысуымен дауларды қарау кезінде ӘРПК қағидаттарын қолдану, сондай-ақ даудың жекелеген түрлерінің әкімшілік соттарға соттылығы бойынша өз ұстанымын білдірді.

«ҚМГ» өкілі Абай Иманиязов 2024 жылы даулардың осы санатының республика бойынша күрт артқаны байқалатынын атап өтіп, соттармен қамтамасыз ету шараларын қабылдау бойынша сот тәжірибесін қалыптастыруға жеке тоқталып, тиісті статистикалық мәліметті келтірді.

МАӘС төрағасы Нұрбол Абдолов квазимемлекеттік сектордың сатып алулары саласындағы әкімшілік істерді қарау сот тәжірибесін атап өтті.

Аталған санаттағы істердің МАӘС соттылығы мәселесіне, шағымдануға жататын актілерге және шағымдану мерзімдеріне тоқталды. Сондай-ақ, әкімшілік істерді қарау барысында ӘРПК нормаларын қолдану тәртібі, оларды қолдану себептері мен негіздері туралы айтты.

Кездесу барысында қатысушылар дөңгелек үстел тақырыбы бойынша өз пікірлерін білдіріп, проблемалық мәселелерді шешу жолдарын әзірлеуді ұсынды.

Алқа төрағасы қатысушылардың туындаған сұрақтарына жауап беріп, осы саладағы қолданыстағы құқық нормалары бойынша түсіндірме берді.

Іс-шара қорытындысы бойынша дөңгелек үстелге қатысушылар осы кездесуді ұйымдастырғаны үшін, тәжірибе қалыптастыру бойынша пайдалы және мағыналы ақпарат алғандары үшін алғыстарын білдірді.

Іс-шара соңында А.Салихова сатып алу саласындағы өзекті мәселелер талқыланғанын атап өтіп, талқылау барысында белсенділік танытқандары үшін қатысушыларға алғысын білдірді.

Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі

Мемлекеттік тіл мерейім!

Мемлекеттік тілге деген құрмет ауыз екі тілде қазақша таза...

Қызылорда да сотталғандар ұлттық ойыннан сынға түсті

Қылмыстық-атқару саласына қарасты №68 мекемесінде шаруашылық қызметіне қалдырылған сотталғандар...

СИЛА ЖЕНЩИНЫ: ПОБЕЖДАТЬ, ВДОХНОВЛЯТЬ, ЖИТЬ

19 ноября в Алматы в рамках проекта «Розовый октябрь»...

«Заманға сай жасstar!»

Жазалы жасөспірмдер арасында «Заманға сай жасstar!»  атты көңілді  тапқырлар...

СОТТАЛҒАН БАЛАЛАР ДӘРІГЕРЛІК ТЕКСЕРУДЕН ӨТТІ

Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің №11 мекемесінде аса ауыр...