«Криминалистің үздік альбомы» атты Республикалық байқауының марапаттау салтанаты

2024 жылы 05 сәуір күні «Сапалы білім беру» атты ТМД 4-тармағы және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90-жылдық мерейтойында заң факультетінің Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедра оқытушылары жыл сайын өтетін «Рухани жаңғыру» жобасының аясында «Криминалистің үздік альбомы» атты Республикалық байқауының марапаттау салтанаты өтті. 10.09.2023 ж. – 06.12.2023 ж. аралынында болған «Криминалистің үздік альбомы» атты байқауы Қылмыстылыққа қарсы тұру мәселелерін зерттеу институтымен бірігіп өткізілді. 6В12301 «Құқық қорғау қызметі», «6В04205 – Құқықтану» білім беру бағдарламалары бойынша 3, 4 курс білім алушылардың қатысуымен.  

Байқауға Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарының студенттері қатысып белсенділік танытқан болатын атан айтқанда: Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті; М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Абылай Хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем тілдері Университеті, Абай атындағы ҚазҰПУ,  Қонаев университеті, Туран университеті. 

Байқаудың мақсаты қылмыстарды ашу, тергеу және алдын алу кезінде арнайы білімді пайдалануды оңтайландыру, ғылым мен тәжірбиенің  байланысын нығайту, бакалавриат білім беру бағдарламалары бойынша жоғары оқу орындарында білім алушылардың өзіндік идеялары мен даму дағдыларын нығайту болып табылады.

Кафедра мәжілісінде бекітілген арнайы әділ қазылар Төрайымы: з.ғ.к., профессор  Атаханова Г.М.  мүшелері:  з.ғ.к., аға оқытушы Темірболат Н.С., PhD докторы К.А. Аратұлы

Байқаудың қорытындысы бойынша марапаттау салтанатында студенттерге арнайы диплом табысталды. Атап айтқанда студенттер III дәрежелі; II дәрежелі; I дәрежелі дипломмен марапатталды. Студенттерді жеңістерімен құттықтаймыз!

Заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы Даубасова С.Ш.

Олжас Бектенов Президент тапсырмаларын жүзеге асыру аясында инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша кеңес өткізді

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев...

От случайных успехов – к стабильным победам

НА БАЗЕ КАЗАХСКОЙ АКАДЕМИИ СПОРТА И ТУРИЗМА СОСТОЯЛАСЬ УЧРЕДИТЕЛЬНАЯ...

«Келешек мектептері»

ПРОЕКТ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЯВЛЯЕТСЯ ВАЖНЫМ НАПРАВЛЕНИЕМ ГОСУДАРСТВЕННОЙ ПОЛИТИКИ В...

Бережное отношение к природе

В ДНИ МАЙСКИХ ПРАЗДНИКОВ В АЛМАТИНСКОЙ ОБЛАСТИ СТАРТОВАЛА ЭКОЛОГИЧЕСКАЯ...

Искусственный интеллект и механизмы надзора

Ежегодная Международная научно-практическая конференция «Правовые механизмы защиты предпринимателей в...