Коронавирус жұқтыру көрсеткіші өсе бастады — ДСМ басшысы

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстан Үкіметінің отырысында елдегі эпидемиологиялық ахуал туралы айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, 20 маусымнан бастап республика бойынша КВИ жұқтыру көрсеткіші өсе бастаған. Кейінгі екі аптада вирус жұқтырғандар саны 3,2 есеге өсті.

«Кейінгі тәулікте КВИ-дің оң нәтижесімен 2021 жағдай, КВИ-дің теріс нәтижесімен 1 жағдай тіркелді, өлім-жітім тіркелген жоқ. Бағалау матрицасына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласы «сары» аймақта, Қазақстан Республикасы және қалған өңірлер «жасыл» аймақта тұр. Қазір инфекциялық төсек-орынмен қамту 30 пайыз, реанимациялық төсек-орынмен қамту 7 пайыз. 

Қазір 5 миллионнан аса адам ревакциналаудан өтті (ревакциналауға 7 миллион 430 мың адам жатады), бұл тиісті контингенттің 68 пайызы», — деді денсаулық сақтау министрі.

Сонымен қатар, Үкімет отырысында премьер-министрі Әлихан Смайылов коронавирус инфекциясын жұқтырудың алдын алу шараларын сақтап, Денсаулық сақтау министрлігіне жағдайды қатаң бақылауда ұстауын талап етті.

«Жалпы коронавирус инфекциясын жұқтырудың, әсіресе, елордада және Қарағанды облысында көбейгенін көріп отырмыз. Күн сайын республика бойынша 3 мыңға дейін жағдай тіркеледі. Бұл — өте жоғары көрсеткіш.

Шектеу шараларының сақталуын қамтамасыз ету керек. Маска тағу, әлеуметтік қашықтықты сақтау сияқты алдын алудың негізгі шаралары қатаң сақталуы керек.

Вакциналау мен ревакциналаудың төмен қарқыны эпидемиология жағдайының күрт нашарлауына алып келеді. Сондықтан әкімдіктерге халықты вакциналау және ревакциналау жұмыстарын жандандыруды тапсырамын», — деді премьер-министрі Әлихан Смайылов Үкімет отырысында.

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...