Коронавирус өршіді: қазақстандықтарға үндеу жасалды

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев қазақстандықтарға ұжымдық иммунитетті сақтау үшін маска тағып, шетелге шықпауды ұсынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары, өздеріңізді, жақындарыңызды қорғау мақсатында вакцинациядан және ревакцинациядан бас тартпауды сұраймыз. Ұжымдық иммунитетті сақтау үшін міндетті түрде вакцина салдыру керек. Бізде вакцинациялағысы келетін азаматтар көп, бірақ оларға болмайды. Сондай-ақ, вакцина салдыра алмайтын балалар бар. Қорғаныс мақсатында ревакцинациядан, вакцинациядан өтіп, ұжымдық иммунитетті қалыптастырып, осы қиын күндерді бірге өткізуіміз керек», — деді ол.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті аймақтың «сары» аймаққа өтуін күтпей, халық жаппай жиналатын жерде маска тағуға шақырды.

«Барлығына әуежайда, вокзалда, қоғамдық көлікте, халық көп жиналатын жерде маска тағуды ұсынамыз. Маска коронавирус инфекциясынан қорғайды. Мүмкіндігінше шетелге шықпауға кеңес береміз. 130 елде ауру қарқынды таралып жатыр. ДДСҰ мүмкін болса, басқа елдерге сапар шегуді тоқтатуды ұсынады. Қазір демалыс уақыты екен түсінеміз, бірақ үйде, туыстардың ортасында демалуға болады», — деді Байтанаев.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда карантин күшейтілгені, бас санитария дәрігері жаңа қаулыға қол қойғаны хабарланған болатын. Сондай-ақ, Алматы «сары» аймаққа өткен еді.

Казахстан строит больше жилья на человека, чем ЕС и США

Политолог Андрей Чеботарев разобрал показатели развития Казахстана, которые Президент...

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...