КӨЗ АРБАҒАН КӨКШЕ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен туризмді дамыту жөніндегі кеңесте ең өзекті мәселелер сөз болды. Жалпы, туризм бағытын дамытуға арналған жиын жиі бола бермейді. Сондықтан да онда айтылған Президенттің салаға деген ұстанымы және оны жетілдірудегі пікірлері ел үшін өте маңызды. Расында да, туризмнің экономикадағы маңызды сала екендігі, қосатын үлесі мол сектор екенін айтпағанның өзінде, еліміздің туризмді дамытуға толық мүмкіндігі бар деп сеніммен айта аламыз.

Ақмола облысындағы ерекше табиғатымен көзге түсетін сұлулық – Көкше көлдері. Мұндағы Шортанды мен Айнакөлдің тұнықтығы өз алдына бөлек әлем. Иә, ел бойынша адам нөпірі көптеп ағылатын өлке – Көкшетау. Өңірдің негізгі табысының бірі де осы. Туризм саласын дамытқан аймақта былтыр салық түсімінің көлемі 21 пайызға өсіп, 3,5 млрд теңгені құраған. Бүгінде Ақмола облысында 600-ден астам туристік компания жұмыс істеп тұр. Туристік әлеуеті жоғары Көкшетауға, сұлу Бурабай мен Зерендіге, көлі көп Қорғалжынға ағылған жұрттың есебі жыл сайын артып келеді. Әсіресе, жаз айларында. Бір ғана мысал, былтыр қаңтар-қыркүйек айлары аралығында облысқа 15 мың 838 турист келген. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 3,2 мың адамға көп. Туристер қатарында шетелдік қонақтар да көп. Оларды да қызықтырып отырғаны – біздің елдің көрікті табиғаты мен талай ғасырдан бері жалғасып келе жатқан рухани қазынасы. Жалпы, өңірде алты туристік оператормен 73 бағыт жасалыпты. Әр бағытта елге келген турист Көкше даласының арғы-бергі тарихына қанығып, рухани нәр алып қайтпақ. Сондай-ақ былтыр жыл соңында «e-Qonaq» платформасына 182 орналастыру нысаны тіркелген. Мұндағы өсім де 126 пайызды құрайды. Туристік сапар көрсеткішінің жоғары екені осыдан-ақ белгілі. Мысалы, өткен жыл соңында өңірге келген демалушылардың саны 1,2 млн асқан. Дәл осы туристік салаға қаржы салып, табыс тапқысы келетіндердің де қатары артқан. Былтыр негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 27,8 млрд теңгеге жетіпті. 2022 жылмен салыстырғанда, бұл 17,6 млрд теңгеге немесе 158 пайызға жоғары болып отыр. Сонымен қатар, өткен жылдың аяғында бірқатар ірі жоба жүзеге асқан. Олардың қатарында Бурабай ауданындағы «Aqbura Plaza» қонақ үйін айтуға болады. Орталықтың құрылысына 5 млрд теңге көлемінде қаржы бағытталыпты. Ал мемлекеттік инвестицияның үлес салмағы 10 млрд теңге болса, осы қаражатқа курортты аймақтағы демалыс үйлерін, орталықтарды, спорттық сауықтыру кешендерін салу мен қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілген. Бизнестің мемлекеттік субсидияларды алудағы белсенділігі де жоғары. Былтыр кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасын жүзеге асыру шеңберінде 105,1 млн теңгеге 12 өтінім жасалып, қолдау тапты. Туризмдегі екінші мәселе – тазалық. Қонағы үзілмейтін Көкшетау жеріндегі санитарлық жағдай ұдайы басты назарда. Осыған орай санитарлық тазалау және абаттандыру бойынша жедел штаб құрылып, атқарылатын іс-шаралардың нақты жоспары бекітілген. Бұған облыстық бюджеттен 30 млн теңге қаражат бөлініпті. Туристер көп баратын Бурабайда 27 санитарлық-гигиеналық қондырғы орнатылған. 27 қоқыс алаңы жасақталып, 110 металл контейнер жеткізілген. Ал осындағы орман айналасында 50 ағаш контейнер мен 220 санитарлық қоқыс жәшігі тұр. Курорттық аймақтың алаңқайларына 80 орындық та жаңадан қойылған. Айта кету керек, қоқыс қалдықтарын шығару арнайы кесте бойынша жүзеге асады. Сондай-ақ мұнда туристерге кәдесыйлар, тәтті балмұздақ, түрлі сусын мен өзге қажеттілерді сататын 20 орын арнайы белгіленген. Өңірдегі абаттандыру мәселесі де күн тәртібінен түскен емес. Мысалы, Бурабай кентіндегі ІІ Дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне арналған ескерткіш жөнделді. Көпшілік баратын орталық алаң қайта жаңғыртылды. Сондай-ақ Бурабайдың 700 гектар болатын аумағында 4 автотұрақтың құрылысы жүзеге аспақ. Бұл келуші туристердің автокөліктерін орналастыруға үлкен көмек болғалы тұр. Бурабайдағы тағы бір жаңалық – жалпы құны 5,4 млрд теңге болатын төрт көлік инфрақұрылым жобасын қаржыландыру қолдау тапты. Атап айтқанда, осындағы Жамбыл көшесі қайта жаңғыртылады. «Бурабай-Қатаркөл» тасжолының 20 шақырымы күрделі жөндеуден өтеді. Текекөл көлінің айналасында Шабақты көлінің солтүстік айналма жолына дейінгі автомобиль жолының құрылысына да 178,1 млн теңге бөлінген. «Щучье-Николаевка» тасжолына күрделі жөндеу үшін 4 млрд теңге қаражат қаралып отыр. Ал былтыр облыс әкімінің қаулысымен Зеренді курорттық аймағын дамытудың 2025 жылға дейінгі жоспары бекітілген еді. Енді туристік саланы дамытуды көздейтін 31 инфрақұрылымдық жоба басталады. Бүгінде Зерендідегі барлық демалыс аймағындағы жол жарықтандырылып, бейнебақылау камералары орнатылыпты. Былтыр тұрмыстық қалдықтарға арналған контейнерлер, жағажай шатырлары, киім ауыстыратын орындар мен дәретханаларды сатып алуға 4,7 млн теңге қаражат бөлінді. Сондай-ақ «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында демалуға арналған орындар, жаяу жүргінші жолының бойына орындықтар, қоқыс тастайтын контейнерлер қойылды. Интернет жылдамдығын арттыру жұмыстары да қолға алынған.

Шернияз ЖАЛҒАСБЕКҰЛЫ

Тәуелсіздік – мемлекеттік тіл тірегі

Тәуелсіздік - құндылығы жоғары қастерлі ұғым. Тәуелсіздік - елдің...

Судьялардың әдеп стандарттары

Құқықтық мемлекетте сот билігінің беделі мен тиімділігі судьялардың кәсіби...

Апостиль: халықаралық құжат айналымының кепілі

Халықаралық құқықтық қатынастардың дамуына байланысты бір мемлекетте берілген ресми...

Кассациялық сот — заңдылық пен әділдіктің кепілі

Қазақстан Республикасында сот жүйесін жетілдіру бағытындағы реформалар кезең-кезеңімен жүзеге...

Тәуелсіздік – мемлекеттік тіл тірегі

Тәуелсіздік - құндылығы жоғары қастерлі ұғым. Тәуелсіздік - елдің...