12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Көлікті мас күйде басқарудың жауапкершілігі жоғары

Жол көлік оқиғаларын барынша азайту қазіргі таңда қоғамның алға қойған басты мақсаттарының бірі болып отыр. Жол сапасын жақсарту, көлік жүргізушілерінің жауапкершілігін арттыру, жолдағы бейнекамералар санын көбейту секілді шаралардың барлығы жол апаттарының санын азайтуға бағытталған. Әсіресе соңғы жылдары көлік жүргізушісінің жауапкершілігін арттыру үшін заңдар біршама қатаңдатылды. Соның ішінде көлікті мас күйде басқарудың қоғам үшін қауіптілігі жоғары. Көп жағдайда адам өліміне апарып соғатын рөлге масаң күйде отыруға тыйым салынған. Бұл құқық бұзушылыққа әкімшілік және қылмыстық жауаптылық көзделген.
Қазіргі таңда көлік құралын масаң күйде басқарғаны үшін жүргізуші ӘҚБтК-тің 608-бабының 1-бөлігімен 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу және 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру әкімшілік жазасына тартылады. Бұл заң бұзушылық қайталанған жағдайда қылмыстық жауапкершілік көзделген.
Атап өтер жайт, бұған дейін аталған бұзушылық бойынша тек 3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы көзделген болатын.
Масаң күйін анықтау бойынша куәландырудан өтуден бас тарту құқық бұзушылығы үшін де жүргізуші 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу және 8 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру әкімшілік жазасына тартылады. Бұл жаза ӘҚБтК-тің 613-бабының 4-бөлігімен көзделген. Басқару құқығы жоқ адамға не көлiк құралын басқару құқығынан айрылған адамның көлік құралын масаң күйде басқарғаны 20 тәулікке, куәландырудан өтуден бас тартқаны үшін 25 тәулікке әкімшілік қамаққа алуға әкеліп соғады. Мас күйінде көлік жүргізген жүргізушілер үшін жаза күшейтілгеніне қарамастан, құқықбұзушылықтар азаймай отыр. Бұл жағдай қазіргі таңда сала мамандарын алаңдатып отыр.
Сондықтан жазаның қатаңдатылуы азаматтарға сабақ болса игі.
Жол ережесін сақтамау көп жағдайда көлік жүргізушісінің ғана емес өзгелердің де өміріне қауіп төндіріп жатады. Сондықтан жол жүру ережесін қатаң сақтау парыз!

Нұрсұлтан Сәбит Ғалымұлы, Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандырылған ауданаралық соты әкімшісі басшысының м.а.

Сенім  – заңды білуден басталады

Бүгінгі күннің өзекті мәселесінің бірі –  сабырсыздық, шыдамсыздық, яғни...

Істерді оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қарау

Азаматтық істі қараған кезде белгілі жағдайларда талап қою оңайлатылған...

Мемлекеттік сатып алу саласындағы даулар

АПК-нің 27-бабының 1-бөлігіне сәйкес мемлекеттік сатып алудан туындайтын даулар...

Негізсіз баюдың соңы жақсылыққа апармайды

«Уәдені бұзған – ұяны бұзғанмен тең», «Ақшадан уәде күшті»...

Этикалық нормаларды сақтау міндет

Мемлекетіміздің болашағы соттардың әділдігімен  тығыз байланысты. Сондықтан, әділ сот...