КӨКШЕТАУДА ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ФОРУМЫ ӨТТІ

3 мамырда Көкшетауда қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің форумы өтті.

Форумды Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы жәнеҚР Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен Ақмола облысының әкімдігі бірлесе ұйымдастырды.

          Аталған жиынға Астана және Алматы қалаларынан елімізге белгілі ғалымдар, қоғам қайраткерлері және жергілікті жоғары оқу орындарының ғалымдары  қатысты. Олар: Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті  Рауан Кенжеханұлы, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының ғылым және білім мәселелері жөніндегі вице-президенті, ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымының докторы, профессор Шерубай Құрманбайұлы, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты директорының орынбасары, филология ғылымының докторы, профессор Күдеринова Құралай Бимолдақызы және «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның «Білім беру орталығы» филиалының сарапшысы Байтенова Қаламқас Қидырбекқызы және Ақмола облысының зиялы қауым, БАҚ өкілдері, сондай-ақ, білім беру мекемелерінде жұмыс істейтін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері.

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының негізгі жұмыс бағыттарының бірі – қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсету. Осы мақсатта еліміздің ірі облыстары мен қалаларында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің аймақтық форумы ұйымдастырылады. Сондай шараның бірі – Ақмола облысы мұғалімдері мен білім саласы мамандары арасында өтті. Мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған ортақ алаң – қауымдастық құрылды.

Форум қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін, оқыту әдістемесін жетілдіру, мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін дамыту және педагогикалық шеберлігін дамыту мақсатында өткізілді. Форумда қазақ тілі мен әдебиеті бағыты бойынша ғылыми және әдістемелік мәселелер, практикалық құралдарды қолдану, қазақ тіліндегі оқушылардың оқу сауаттылығы мен академиялық жазу мәдениетін дамыту, мұғалімдердің кәсіби дағдыларын жетілдіру, шығармашыл, үздік мұғалімдерді анықтап, оларға қолдау көрсету, ынталандыру, тәжірибесін тарату, қолдау мәселелері талқыланды.

Шараның негізгі бөлімі «Болашақ» сарайында басталып, кейіннен Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде шеберлік сағаттарымен ұласты.

АЛАШТАНУШЫ МӘМБЕТ ҚОЙГЕЛДИЕВ – 80 ЖАСТА

Абай университетінде тарихшы-ғалым, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының...

АҚШ-тан бекер қайтып келген жоқ»: танымал заңгер туралы тың дерекпен бөлісті

Белгілі заңгер әрі құқық қорғаушы Айгүл Орынбек «Нұр Отанның»...

«Нұр Отанның» бұрынғы идеологы 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында Б., К. Н.-ға қатысты...

Цифровизация ювенального правосудия в Республике Казахстан: задачи и перспективы

Цифровизация ювенального правосудия в Республике Казахстан направлена на создание...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ЕЛДІГІМІЗДІҢ АЙҒАҒЫ

Тіл – ұлттың рухани тірегі, тарихи жады мен мәдени...