12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Конституцияның отызыншы белесі

Ата заң – мемлекеттің алтын қазығы. Еліміздегі барлық заңдар бастауын осы Конституциядан алады. Биыл Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуының алғышарты болған, елдің дамуы мен өркендеуіне негіз қалаған Ата заңымыздың қабылданғанына отыз жыл толып отыр.

Бұл құжат тақыр жерден пайда болған жоқ. 1995 жылдың 30 тамызында қабылданған бас құжатымыз – бұған дейін қазақ тарихында тұғыр болған заңдардың жалғасы іспеттес. Тек жаңа Ата заңды дайындауда бұған дейінгі заңдарда оң нәтиже берген басымдықтар мен кедергі келтірген олқылықтар толық сарапталған. Сонымен бірге, жаңа заң өркениетті елдерде өзін ақтаған Конституциялардың терең зерделеніп, Қазақстан халқының менталитетін ескере отырып дайындалған айрықша үлгісі.

Бүгінгі Конституцияны – халықтың ортақ қалауы десек шындықтан алыстай қоймаймыз. Себебі, дәл осы заңды дайындауға азаматтық қоғам өкілдері белсене қатысқан. Сонымен бірге Конституция – қарапайым азаматтар тарапынан ең көп ұсыныс, тілек, талап пен пікір түскен заң ретінде де тарихта қалары анық.

1995 жылдың 30 тамызы тәуелсіз Қазақстанның тарихында алтын әріптермен жазылған ерекше күн. Осы күні қазақ халқы тарихи маңызды шешім қабылдап, өзінің бас құжаты Ата заңын қабылдады. Бас құжаттың тарихына қатысты статистикалық деректерден байқағанымыздай, Конституцияны талқылау бойынша өткен басқосу, талқы алаңдарына еліміздің 3 миллионнан астам тұрғыны қатысқан. Сондай-ақ Ата заңды қабылдау бойынша өткен референдумның да жоғары белсенділікпен өткені белгілі. Осы тарихи шараға еліміздің сайлау құқығы бар азаматтарының 90 пайызы келген. Осы азаматтардың 7 миллионнан астамы Конституцияның жаңа нұсқасын қолдап дауыс берген екен. Яғни, Конституция – халық таңдауынан туған бірегей құжат.

Ата заңда мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық деп дәйектелген. Соған сәйкес бас құжаттағы барлық игілік халық үшін, барша тетік азаматтардың қауіпсіз ортада татулық пен бірлікте тірлік етуіне бағытталған еді.  Міне, осы халық игілігіне қызмет етіп келе жатқан Ата заңымыздың тұғыры әрқашан биік болсын!

Ж.Уалиханова, Алматы қаласы Медеу аудандық сотының судьясы

Защита прав несовершеннолетних при рассмотрении дел в суде

           Несовершеннолетние- одна из наиболее уязвимых категорий граждан, чьи...

Исатай СМАТОВ, Маңғыстау облысы әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы: «ЖАҢА РЕФОРМАЛАР – ЖАҢА ӨЗГЕРІСТЕРДІҢ БАСТАУЫ»

Сот жүйесін жаңғырту, сотқа деген сенімді нығайту мақсатында көптеген реформалардың жүзеге асырылғаны белгілі. Дербес кассациялық соттар – сол ілкімді жобалардың бірі. Бұл бастаманың қолға алынуына не себеп болды?

Әкімшілік істердің әскери соттарға соттылығы

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі-ӘРПК) қолданысқа енгізіліп,...

Кәсіби мереке – судьяларға деген құрметтің белгісі

Сот саласының мемлекетті дамытудағы орны орасан. Себебі, құқықтық, зайырлы...

Еңбек пен ізденіс біліктілікті арттырады

Судья – Президент жарлығымен тағайындалатын мәртебелі мамандық. Адам тағдырын...