Бүгін Конституциялық комиссия өз жұмысының алғашқы отырысын бастады. Комиссия төрағасы Эльвира Азимова оның қызметін «айрықша миссия» деп бағаласа, төрағаның орынбасары Ерлан Қарин: «Конститу- циялық комиссияның құрылуын тарихи оқиға деуге болады», – деп атап өтті.
Конституциялық комиссияны құру – Мемлекет басшысының ойла- стырылған әрі қисынды қадамы. Комиссия құрамына жетекші қоғамдық бірлестіктердің (партиялар, кәсіподақтар, үкіметтік емес ұйымдар), Парла- мент депутаттарының, конституционалист-заңгерлердің, бизнес-қоғамда- стық пен корпоративтік сектордың, медиа саласының, ғылыми және мәде- ни зиялы қауым өкілдерінің атынан 120-дан астам адам енді.
Мұндай кең өкілдік комиссия жұмысының бастапқы кезеңнен-ақ қоғам үшін барынша ашық болуын қамтамасыз етеді. Ашықтықты арттыру мақсатында бірқатар қосымша шаралар да көзделген. Ұсынылып отырған өзгерістердің маңыздылығы мен ауқымы соншалық, оларды қабылдау іс
жүзінде жаңа Конституцияны қабылдаумен тең.
Айта кету керек, 2022 жылғы конституциялық реформа елді саяси жаңғыртудың негізгі кезеңіне айналып, мемлекеттіліктің тұрақтылығын нығайтуға және мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға бағыт- талды.
Конституциялық комиссияны құру үдерісі, оның құрамы мен жұмыс регламенті Мемлекет басшысының негізгі идеологиялық ұстанымдарын толық көрсетеді.
Комиссияны жасақтаудағы басты өлшемшарт – кәсібилік. Комиссия мүшелерінің барлығы да мол тәжірибеге ие, оның ішінде заңнамалық қыз- мет саласындағы тәжірибесі бар мамандар.
Иманбай Жұбай, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,
журналистика факультетінің аға оқытушысы


