Ғасыр жасаған әже референдумда өз таңдауын жасады

Бүгінгі референдумда Ұзынбұлақтық 104 жастағы Күлпара Шортанова өз таңдауын жасады. Ғасырлық ғұмыр иесі ел болашағына бейжай қарамай, немере-шөберелерінің жарқын келешегі үшін дауыс беруге келді.
Ғасыр куәсі болған ақ жаулықты ананың бұл қадамы – жас ұрпаққа үлгі, ел тағдырына деген жауапкершіліктің айқын көрінісі. Ел болашағына алаңдаған абзал ананың азаматтық ұстанымы көпшілікке өнеге болды.
Ұзынбұлақ ауылындағы №573 сайлау учаскесіне бір әулеттің төрт буынының өкілдері дауыс берді. 104 жастағы Күлпара Шортанова, оның 81 жастағы ұлы Марат, 51 жастағы немересі Олжас, 30 жастағы немересі Бейбіт және 21 жастағы шөбересі Бақтияр өз таңдауын жасады.

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...