12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«Конституция — ел бірлігінің негізі»

Мемлекеттің дамуы мен өркендеуі үшін оның құқықтық негізі берік болуы қажет. Бұл тұрғыдан алғанда, Қазақстан Республикасының Конституциясы – еліміздің тәуелсіздігін нығайтатын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілі болып табылатын басты құқықтық құжат. Сондықтан да Конституцияны халқымыз «Ата заң» деп ерекше құрметпен атайды. Ол – тәуелсіздіктің айқын көрінісі әрі соның тірегі.

1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы еліміздің жаңа тарихи даму кезеңінің бастауы болды. Бұл құжатта Қазақстан өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде жариялады. Ең бастысы – мемлекеттің егемендігі мен тұтастығын нығайтумен қатар, әрбір азаматтың құқығы мен бостандығына кепілдік берді.

Судья ретінде мен үшін Конституция – әділеттіліктің темірқазығы. Судьяның әрбір шешімі Конституция нормаларына сүйенуі тиіс. Ата заң – құқық қорғау органдарының қызметін реттейтін басты құжат қана емес, ол – мемлекет пен қоғам арасындағы сенім көпірі. Заң үстемдігін қамтамасыз ету – тек құқық саласы қызметкерлерінің ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ борышы. Бұл ретте Конституцияның қағидаларына адал болу – судьяның кәсіби және адамгершілік парызы.

Конституция – елдіктің ерен символы. Ол болашаққа бағдар беретін, ұлтты ұйыстыратын негізгі құндылықтарды айқындайды. Ата заңымыздың тұрақтылығы мен жаңаруға ашықтығы – мемлекетіміздің дамуға деген ынтасын, құқықтық мемлекет құруға ұмтылысын білдіреді. Соңғы жылдары енгізілген конституциялық реформалар да осының айғағы. Олар билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті жетілдіруге, азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған.

Қорыта айтқанда, Конституция – жай ғана заңдар жинағы емес, ол – халқымыздың ерік-жігерінің, азаттығы мен ар-ождан бостандығының көрінісі. Судья ретінде мен Конституцияның әрбір нормасын биік ұстап, оның рухын сақтауға және оны күнделікті қызметімде басшылыққа алуға тиіспін. Ата заң – тәуелсіздігіміздің мызғымас тұғыры, еркіндігіміздің берік іргетасы.

Мұғалжар аудандық сотының судьясы Г.Т.Алмаханов

Пожизненное лишение свободы в зеркале уголовной политики РК

На актуальные темы анализа уголовного права в Казахстане и...

В обход закона 

Тема коррупции и злоупотреблений в сфере государственных услуг находится...

Путь к устойчивому развитию и технологиям

МЕЖДУНАРОДНОЕ СОТРУДНИЧЕСТВО В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ ИГРАЕТ КЛЮЧЕВУЮ РОЛЬ В...

В Казахстане не намерены закрывать русские классы

Министр просвещения Гани Бейсембаев при этом отметил, что все...

В Алматинской области мобильная медицинская группа оказывает помощь жителям отдалённых сёл

В Алматинской области начала работу мобильная медицинская группа, состоящая...