spot_img
spot_img

Конституция – әділеттіліктің және тәртіптің тірегі

Биыл барша қазақстандықтар үшін аса маңызды тарихи дата — Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына 30 жыл толып отыр.
1995 жылдың 30 тамызында бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданған Ата Заңымыз еліміздің Тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуына және даму жолына түсуіне зор ықпал етті. Онда мемлекеттің құрылымы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары нақты айқындалған. Бұл – құқықтық мемлекет құру жолындағы ең маңызды қадамдардың бірі болды.
Судьялардың міндеті – Конституцияда белгіленген қағидаларды басшылыққа ала отырып, азаматтардың құқықтарын қорғау, әділдік пен заң үстемдігін қамтамасыз ету. Әрбір шешімнің, әрбір іс-әрекетің заңға негізделуі – қоғамдағы сенімді нығайтады.
Осы үш онжылдық ішінде еліміз ауқымды реформаларды бастан өткерді. Конституцияға енгізілген өзгерістер уақыт талабына сай демократиялық процестерді тереңдетуге, азаматтық қоғамды дамытуға бағытталды. Соңғы жылдары қолға алынған саяси реформалар – Жаңа Қазақстанды құру жолындағы маңызды қадамдар. Бұл – ел Президентінің бастамасымен жүзеге асқан әділетті және ашық қоғам құруға деген ұмтылыстың айғағы.
Конституцияда бекітілген басты құндылық – адам және оның құқықтары. Сот саласы осы қағидатты күнделікті қызметінде басшылыққа алады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығы – бұл тәуелсіздіктің, бейбіт өмір мен бірліктің, заң үстемдігінің мерекесі. Сот және сот қызметкерлері, Ата Заңға адал қызмет ете отырып, елдің болашағына өз үлестерін қосу қажет. Әділеттілікке, заңдылыққа негізделген қоғам – баянды болашақтың кепілі. Конституция – соған бастайтын сенімді жол.

Ақтөбе қаласының №3 сотының
судьясы С.К.Муханов

Сот жүйесіндегі жаңашылдықтар

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының сот жүйесі қоғам мен мемлекеттің...

Медиацияның мақсаты – бітімгершілік

Қазіргі таңда еліміздің құқықтық жүйесінде дауларды шешудің баламалы тәсілдері...

Татуласу рәсімдері – дауларды шешудің баламалы жолы

Татуласу рәсімдері — тараптардың келісімге келуіне бағытталған, сотқа жүгінбей...

Противодействие коррупции

Коррупция – использование лицом своих должностных полномочий и доверенных...

Медиация – дауды шешудің ең тиімді жолы

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексте татуластыру рәсімдерін сот тәжірибесінде тиімді...