12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Конгода БҰҰ қызметкерлерін өлтірген 51 адам өлім жазасына кесілді

Конго Демократиялық Республикасындағы әскери трибунал БҰҰ-ның екі қызметкерін өлтірген 50-ден астам адамды өлім жазасына кесті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lenta.ru сайтына сілтеме жасап.

54 айыпталушының біреуі 10 жылға бас бостандығынан айырылса, тағы екеуі ақталды. Осылайша, 51 адам өлім жазасына кесілді. Конгода 2003 жылдан бері өлім жазасына мораторий жарияланған, сондықтан сотталғандар өмір бойына бас бостандығынан айырылады.

БҰҰ-ның екі сарапшысын өлтіру оқиғасы 2017 жылдың наурыз айында болған. Швеция азаматы Заида Каталан мен АҚШ азаматы Майкл Шарп Конгоның Касаи провинциясында жоғалып кетті. Екі аптадан кейін олардың денесі табылды.

Бұған дейін Конго Демократиялық Республикасында содырлардың ауылдарға жасаған шабуылынан ондаған адамның құрбан болғаны хабарланған болатын. Елдің шығысындағы Итури провинциясының Джугу ауданында қарулы адамдар жүзден астам бейбіт тұрғынды өлтірді. Әзірге билік шабуылдарды ұйымдастырған қылмыстық топ туралы мәліметті жарияламай отыр.

На страже порядка 

В последние годы в нашем обществе все более актуальными...

Методы лечения сердца

Новые технологии и методы лечения аритмий внедряют специалисты Центра...

Циркулярная экономика 

В рамках IX Евразийского бизнес-форума «Green Energy & Waste...

Гарант судебной ветви власти

Конституция – это не просто Основной Закон, а идеологический...

Реальный сектор промышленной политики

Реализация инфраструктурных проектов в свете реализации новой промышленной политики,...