«Баунти» конфетінің ішіне жасырылған есірткіге ұқсас затты өткізбекші болған

2024 жылдың 05-ші қараша күні сағат 10:30 шамасында №60 мекемесінің жедел бөлімінің жедел ақпаратына сәйкес сотталғанға әйел адам есірткіге ұқсас затты «Баунти» конфетінің ішіне жасырып өткізбекші болады. Арнайы құрылғы арқылы тексеру барысында режим бөлімінің тексеру тобының аға инспекторы әділет капитаны Омаров Самат Канатовичтің қырағылғының арқасында «Баунти» конфетінің ішіне жасырылған белгісіз затты анықтайды.
Орын алған оқиға бойынша Қызылорда қалалық ПБ-ның жедел -тергеу тобы шақыртылып, затты тексеру барысында «Баунти» конфеттерінің ішіне жасырылған, 12 дана ақ түсті қағазға оралған, өткір исі бар жасыл түсті шөп тәріздес және 1 дана өткір иісті ақ ұнтақ екені анықталды.
Іс бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Есірткі екені анықталса қылмыстық жауапқа тартылатын болады.
«Түсіндірме жұмыстары өз деңгейінде жүргізілгенімен аталмыш дерек бойынша оқиғалар қайталануда. Осы орайда жазасын өтеуші азаматтардың туыстарына мұқият болуларын сұраймыз», -деді мекеме бастығының орынбасары әділет подполковнигі Өскенбаев Алтынбек Тұрарбекұлы.

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...