12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Комиссия оқиғаның себебін ғана емес, салдарын да зерттемек

Алматыда белгілі құқық қорғаушылар мен қылмыстық іс жүргізу бойынша маманданған заңгерлерден тұратын қоғамдық комиссия құрылды. Бұл жөнінде заңгер Айман Омарова мәлімдеді. Комиссия қасіретті қаңтар оқиғасының ақиқатын зерттеуге жұмыс істейді.
Айман Омарова: «Біз тәуелсіз қоғамдық комиссиямыз. Қазір осы іс аясында екі мыңнан астам қылмыстық іс бар. Комиссия тек жәбірленушілерді, полицияны, соққыға жығылғандарды ғана тексеріп, зерттемейді. Қазақстанда неге осындай қанды оқиға болды? Осыған баса назар аударамыз. Түгел зерттейміз. Комиссия құрамында қорғаушылар болады, олардың барлығы тәжірибелі, қылмыстық істі қарайтын қорғаушылар. Комиссия мүшелерінің тізімі бар. Бірақ, олардың кім екенін қауіп­сіздік үшін жарияламаймыз», – дейді.
Сонымен қатар, Айман Омарова жаппай тәртіпсіздікті өз көзімен көргенін айтты. «Бесінші қаңтар күні сол жерде мен болдым. Түсірген видео да бар. Ол жерде ешқандай да бейбіт шеру болған жоқ. Мен оларды көрдім. Түрі қазақ сияқты, бірақ қазақша да, орысша да сөйлемейді. Кейбір жігіттердің тілінің диалектісі бар. Комиссия жұмысы бойынша баспасөз мәслихатын өткізіп тұрамыз. Өзім әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирге шығып отырамын», – дейді белгілі заңгер. Айман Омарова осы қоғамдық комиссия­ға жетекшілік етеді, оның құрамына оннан астам адвокат топтасқан. Бұл идеяны ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин де құптаған.
«Қаңтардағы болған оқиғалар туралы мәліметті, сол бойынша барлық қылмыс­тық іс-материалдарды Ішкі істер органдары бізге ашық беретін болды. Бір ауыз сөзбен айтқанда комиссияға іс-материалдарына қол жеткізуді мемлекет қамтамасыз ететін болды. Әйтпесе, бұл құжаттарсыз комиссия ештеңе бітіре алмайды. Ерлан Қаринмен сөйлескенде осы мәселелер шешілді. Менің комиссиям­да білікті адвокаттар жұмыс істейді. Тек Алматы, Нұр-Сұлтан емес, барлық өңір бойынша мамандар тартылады. Алдағы күндері баспасөз мәслихатын өткізгенде айтыла жатар», – дейді Айман Омарова. Және бір сөзінде ол: «Абзал Құспанның құрған комиссиясы қазіргі болып жатқан ұрып-соғуға қатысты құрылды. Көбіне сол істермен айналысады. Ал менің бағытым бөлек. Менікі экстремизм, терроризм қайдан келді, оқиғаның хронологиясын толық бастан-аяқ зерттейміз. Бірақ Ерлан Қаринге іс-материалдарды алғаннан кейін адвокаттарға қысым көрсетілмеуі керек деген талап қойдым. Мемлекеттен бұл жұмысымыз үшін ешқандай ақша алмаймыз. Өзіміздің құқық қорғаушылардың қоры бар, одан бөлек кәсіпкерлер мен қарапайым халықтан жиналған ақша адвокаттардың жолы мен шығынын көтеретін болады», – дейді адвокат.

Ж.Құдайберген

Қабан атып сотталғандар жазасын алды

Адам түгілі төрт аяқты жануардың өзіне құрметпен қарайтын. Тіпті,...

Бір жыл ішінде қайталап жасалған әкімшілік құқық бұзушылық әрекеттер үшін әкімшілік жауаптылық көзделген

       Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық...

Құқық бұзушылықтың жазасы ауыр

Жуырда Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД қарасты...

Келес ауданында заңды бұзған жігітке ескерту берілді

Сотталғандардың мекен жайы бойынша кешкі уақытта тексеру шарасын Келес...

Құқық бұзушылықтың жазасы ауыр

Жуырда Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД қарасты...