Кітапхана қызметкерлері Ақтөбедегі №8 түрмеде құрылған психологиялық клубқа психологиялық кітаптар сыйлады

Психологиялық клуб — Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №8 түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандар арасында құрылған болатын. Яғни, жеке тұлғаға бағытталған тәсілді іске асыру үшін мекемедегі жазасын өтеуші сотталғанның жеке басын қолдау, дамыту, оған өзін- өзі жүзеге асыру тетіктерін енгізу мақсатында құрылған психологиялық клуб сотталғандардың психологиялық білімнің сенімділігі мен негізділігіне, психологиялық акпараттық кеңісті құру үшін ұйымдастырылады.

Ақтөбе облысындағы С.Бәйішев атындағы ғылыми әмбебап кітапханасының қызметкерлері түзеу мекемесіндегі осы психологиялық клубтың мүшелері болып табылатын жазасын өтеушілерге әдеби және психологиялық кітаптарды олардың білімдерін нығайтуға және ой-өрістерін дамыту мақсатында табыстады.

«Алдағы күндері түрлі семинар тренингтер өткізу арқылы сотталғандардың өздеріне деген сенімділігін арттырып, болашаққа деген көзқарастарын өзгеретуге үлес қосуды мақсат еткен психологиялық клубқа кітапхана қызметкерлері сыйлаған әдеби және психологиялық кітаптардың пайдасы зор»,- дейді Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз хатшысы Гүлфайруз Төремұратова.

Фото: Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті

Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясында мәдени-көпшілік іс-шара ұйымдастырылды

Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясында жаз мезгілінің көтеріңкі...

Заң мен тәртіп – әрбір отбасының құндылығы

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №19 мекемесінде «Заң...

Қайырымдылық – жүректен шыққан ізгі іс

Қайырымдылық – адамгершілік пен мейірімділіктің жарқын көрінісі. Осы бағыттағы...