12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Кітапхана – білімнің көзі, кітапханашы оның тірегі!

Кітап адамзат мәдениетінің ең ұлы туындыларының бірі, кез келген елдің мәдениетінің ең басты байлығы – кітап.
Кітап. Кітапхана. Кітапханашы!  Үш ақ ауыз сөз болғанмен мағынасы тым тереңде. Бірі-бірінсіз толыққанды бола алмайтын рухани ошақ. Бір-бірін жалғастырып тұрған оларсыз қоғамды  елестету мүмкін емес киелі ұғымдар. Әр таңын білімнің қайнар көзі кітаппен ашатын, сол кітаптағы асыл мұраларды оқырмандарға жеткізетін алтын көпірді байланыстырушы Кітапханашылар.
Ғасырдан ғасырға адамзат тарихының керуенін сүріндірмей әкеле жатқан биік парасаттылық пен біліктіліктің, тәрбиенің киелі ордасы. Қасиетті қазынамызды көздің қарашығындай сақтап, насихаттап, ел игілігіне жаратып жүрген кітапханашылар – ең қажет, абыройлы мамандық иелері. Осындай маман иелері бүгін біздің #79 мекеменің қонағы болды. Сотталған азаматшаларға арнап кітап жинағын да ала келді. Әдемі рухани кешті мәнді сөз саптаулармен өрнектеген Ғабдол Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапхана ұжымы және «Атырау қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ қызметкерлері. Алдағы уақытта да сотталған азаматшаларға арнайы тарту етер кітаптардың толастамайтынын сөзге тиек етті. Мұндай шаралар өз жалғасын табатынын нық сеніммен айтамыз.

Үйде анаң, Түзде маман

Еліміздің дамуының тегеурінді тұғыры және ең  мәртебелі мамандықтың бірі-Заңгер. Кез...

«Еріктілер кеңесі» мүшелері тал отырғызу және сенбілік жасауға қатысты

«Еріктілер кеңесі» - Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің ұйымдастыруымен құрылған...

Түзеу мекемесінде аспаздар күні аталып өтті

Халықаралық аспаз күні 20 қазанда атап өтіледі Аспаздардың кәсіби...

Қайырымдылық асыл қасиет!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қайырымдылық, волонтерлік, меценаттық секілді әрекеттерді...

В Алматы в рамках акции «Таза Казахстан» запущено молодежное движение «ЭкоРейнджеры»

В рамках общенационального проекта «Таза Казахстан» создан отряд «ЭкоРейнджеров»,...