«Кітап құрттары» ұйымымының жетекшісі сотталғандарға кітап сыйлады

ЗК-169/1 тергеу изоляторы қамауында отырған сотталған азаматтар арасында кітап оқитындардың саны күнсайын артып келеді. Осыған байланысты мекеме бастығының тәрбие жөніндегі орынбасары әділет майоры Олжабаев Қайрат Байдүйсенұлы кітапхана қорын арттыру әрі соталғандады тәрбиелеуге пайдалану мақсатында жан-жақтан кітап сұрастыру жұмыстарын жүргізді. Сондай белсенді іс-әрекет барысында кітапхана қоры 70 ке жуық кітаппен толықтырылды. Бұл кітаптардың алғашқы легіне қаламыздағы жастар арасында құрылған «Кітап құрттары» ұйымының жетекшісі  Талғат Меңдібай Амангелдіұлының ұйымдастырған « Кітап сыйла» акциясы аясында қол жеткіздік.

Талғат Амангелдіұлы қоғамның патриоттық, рухани-адамгершілік, зияткерлік және мәдени әлеуетін арттыруға,өз үлесін қосып жүрген азамат. Қаламызда әр түрлі іс-шаралар ұйымдастырып, өскелең ұрпақты кітап оқуға үндеп « кітапқұрттары» болуға, жастарды креативті ойлауға шақырады.

Бұл жолы Фейсбуктегі өзінің аккаунтында « Кітап сыйла» акциясы болатындығы жайлы күн ілгері хабарландыру жариялаған болатын.

Соның нәтижиесінде көшілік ортасынан жетпіске жуық кітап жиналып, барлығы дерлік тергеу изоляторына алып келінді.

Енді бұл кітаптар арнайы сараптамадан өткізіліп, мекеме кітапханасына тапсырылады- дейді майор Қ.Олжабаев.

Ұйымдастырылған акция жөнінде : Маған тергеу изоляторынан кітап қорын арттыру мақсатында көмектесуімді өтінді. Осыған сәйкес, фейсбуктегі парақшамда кезекті «Кітап сыйла» акциясын ұйымдастырдым. Акция бойынша белгіленген уақытта мекен-жайы көрсетілген жерге қаламыздың азаматтары өз еріктерімен кітаптарын әкеліп тапсырды.

Өкінішке орай, теміртордағы азаматтардың электронды кітаптар мен ақпараттық порталдарға қолы жетімсіз. Бірақ, көз жетпейтін жерге ұшқыр ой жетеді демекші, ойдың жүйріктігін жетілдіріп, ұтқырлығын оздыратын, рухани тәрбие беретін құнды қазына — кітап екені ақиқат. Сондықтан да бүгінгі акция барысында жиналған кітаптарымыздың қателік жасап жазаға тартылған адамдарды тәрбиелеуге, рухани байытуға, өмірге жаңаша көзқараспен қарауға игі әсері болады деп ойлаймын — деді, 70 кітаптың жиналуына себепкер болған патриот азамат Т.Меңдібай.

Айта кететін тағы бір жай, креативті ойларымен ерекшеленіп жүретін азамат,алдағы уақытта сотталғандарды кітап оқуға тарту мақатында мақсатында тың идеяларын білдірді. Мекеме бастығының орынбасары бұл идеяларды жүзеге асыру үшін бірлесе жұмыс жасаймыз деген уәдемен қайтты.

Ұлттық домбыра күні: №10 мекемеде ұлттық өнер ұлықталды

Ұлттық домбыра күніне орай Алматы және Жетісу облыстары бойынша...

Абай облысы бойынша ҚАЖД орташа қауіпсіздік мекемесінде жазғы спартакиаданың салтанатты жабылу рәсімі өтті

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің орташа қауіпсіздік мекемесінде...

Торжественное закрытие летней спартакиады состоялось в учреждении средней безопасности ДУИС по области Абай

В учреждении средней безопасности Департамента уголовно-исполнительной системы по области...

Түлектер шеруі – 2026

2026 жылғы 26 маусым күні Атырау облысы бойынша ҚАЖД...

Абай облысы бойынша ҚАЖ-дың қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде Ұлттық домбыра күні аталып өтті

Ұлттық домбыра күні қарсаңында Абай облысы бойынша ҚАЖ-дың қауіпсіздігі...