12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Әкімшілік әділеттің тиімді тұстары

Мемлекетті басқару жүйесінде сот билігінің алатын орны ерекше. Өйткені, заң шығарушылық және билік тармақтарымен қатар, сот билігі қоғамдағы даулы қарым-қатынасты реттеудің бірден-бір тиімді құралы болып табылады.
Тәуелсіздік алғаннан бері мемлекетіміздің сот жүйесінде соттардағы дауларды шешуді жеңілдетуге, азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған көптеген өзгерістер орын алды. Соның ішінде сот ісін жүргізудің төртінші түрі – билік органымен дауда ең әлсіз тарапты қорғауға бағытталған әкімшілік әділеттің іске қосылуы. Бұл тұрғыда 2021 жылдың 1 шілдесінде Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі күшіне енді және әрбір облыс бойынша Әкімшілік әділет соттары ашылып, өз жұмыстарын бастады.
Әкімшілік әділет соттары жария-­құқықтық қатынастардан туындайтын, мемлекеттік органдар, азаматтар мен заңды тұлғалар арасындағы туындайтын дауларды қарайды. Мәселен, кейбір жағдайда мемлекеттік органмен туындаған дауы бар жеке адамдар өзін қорғай алмай жатады. Ал бұл заңда азаматтардың құқығын қорғау нақты көрсетілген. Мысалы, талап қоюмен азамат мемлекеттік органның үстінен арыз жазса, бұл ретте сотқа өз белсенділігін арттырып, айғақ, дәлел іздеуге мүмкіндік беріледі.
Жуырда, Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында азамат пен мемлекеттік орган арасындағы дау бойынша іс қаралды. Нақтырақ айтқанда, 1994 жылы талап қоюшы А-ға бау-бақша ұжымынан жер телімі берілген. Өмірдің әр түрлі жағдайларына байланысты жер теліміне меншік құқығы тіркелмеген. 2016 жылы талап қоюшы жергілікті атқарушылық органға жер учаскесінің жекеменшік құқығын рәсімдеуге өтініш білдірді. Өтінішке қарай, 1994 жылғы қаулы мен мемлекеттік актіні тіркеді. Алайда, 2016 жылы жерге орналастыру жұмыстары аяқталған жоқ, себебі талап қоюшы көрсеткен жер учаскесі бау-бақша ұжымында емес, тұрғын алабында орналасқан. 2021 жылы талап қоюшы қала әкіміне қайта өтініш білдірді. Жер комиссиясының қорытындысына сәйкес талап қоюшы жер учаскесін басқа бау-бақша ұжымына ауыстыру туралы өтініш беру ұсынылды. Талап қоюшы қала әкімінің әрекетсіздігіне дау айта отырып, мәжбүрлеу туралы әкімшілік талаппен сотқа жүгінді. Сотта анықталғандай, жергілікті атқарушы орган заңмен белгіленген тәртіпті бұзып, талап қоюшының өтініші бойынша түпкілікті шешім қабылдамаған, яғни, талап қоюшының мәселесі бес жыл уақыт ішінде шешімін таппаған. Сонымен қатар, Жер кодексіне сәйкес жер комиссия­сымен ұсыным түрінде хаттамалық шешім шығару көзделмеген. Сот шешімімен талап қанағаттандыры­лып, жауапкерге әкімшілік актіні шығару міндеті жүктелді. Демек мемлекеттік орган арасындағы дау азаматтың пайдасына шешілді.
Сонымен қатар, сот жүйесінде түрлі дауларды бейбіт тәртіппен шешу тәжірибесі қалыптасып, азаматтар даулы мәселелерді бітімгершілікпен шешудің тиімділігіне қол жеткізуде.
ҚР ӘРПК-нің 120-бабында татуластыру рәсімдері көзделген. Демек, бітімге келтіру шараларын белсенді түрде қолдануда мәмілеге келтіру шарты ерікті түрде жүзеге асырылып, бұл өз кезегінде сот шығынын азайтып, ал қарым-қатынастарды тартыстық сипаттан арылтады. Осы бап талабына сай, тараптар өзара тартыну негізінде әкімшілік процестің барлық сатыларында сот шешім шығаруға кеткенге дейін татуласу немесе медиация туралы келісім жасасу арқылы істі толығымен немесе ішінара аяқтай алады.  
Мәселен, жуырда сотта борышкер мен сот орындаушысы татуласты. Істің мәні бойынша, талап қоюшы Н. сотқа жеке сот орындаушысының қаулысына және әрекетіне дау айту туралы талап қоюмен жүгінген болатын. Сотта сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу сомасын бекіту туралы қаулының күшін жоюды және шектеу шараларын шығару жөніндегі іс-әрекеттерін заңсыз деп тануды сұрады. Берешек сомасының көлемі уақытылы анықталмағандықтан және жалақыға өндіріп алуды қолдану уақытылы жүргізілмегендіктен қарыз жиналғанын, сот орындаушысы қызметіне төленетін соманың көбейгенін көрсеткен.
Алдын ала тыңдау барысында тараптардан медиациялық келісімді бекіту туралы өтініш келіп түсті.
Сот бекіткен медиациялық келісім шарттары бойынша талап қоюшы медиативтік келісім бекітілген кезден бастап 2 жұмыс күні ішінде алимент бойынша 28 688 теңге, жеке сот орындаушысының қызметіне 89 640 теңге төлеуге міндеттенді. Жауапкер төлем жүргізілген күннен бастап 2 жұмыс күн ішінде сот орындаушысы қызметінің сомасын бекіту туралы қаулының және шектеу шараларының күшін жоюға міндеттенді.
Демек, борышкер мен сот орындаушысы татуласты. «Дау мұраты – біту» дегендей, біздің сотта тараптарды татуластыру, бітімге келтіру үрдісі өз жалғасын алдағы уақытта да таба бермек.

А.Шекенова,
Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық

әкімшілік сотының бас маманы

Сот жүйесіндегі мемлекеттік тілдің маңызы

Тіл – әр ұлттың негізі. Ұлттың ұлт ретінде сақталуы...

Мемлекеттік тілде сөйлеу баршаға міндет

Мемлекеттік тіл ел тәуелсіздігін айқындайтын негізгі белгілердің бірі. Қазақ тілінің...

Мемлекеттік қызмет жүйесінің қалыптасуы мен дамуы

Еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін мемлекеттік қызмет жүйесін қалыптастыру қажеттілігі...

Медиация – бейбітшіл елдің басты миссиясы

Қазақстан – әлемде тұрақтылық пен қауіпсіздікті қолдайтын, көптеген дау-жанжалды...

Жазаны қатаңдату арқылы жауаптылық көтеріледі

Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады...