12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Әкімшілік әділет: соттың белсенді рөлі қандай болу керек?

2021 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодексі (әрі қарай — АППК) күшіне еңеді және жаңа мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттар өз жұмыстарын бастады, міне оның жұмысына 6 ай болды.

Осы уақытта әкімшілік соттар мен әкімшілік әділет еркеше орын алғаның толық сенемін. Себебі, Қазақстанда әкімшілік әділет жұйесінің қалыптасуын білдіріп, біздің еліміздің сот жүйесі, оның ішінде сот төрелігінің әлемдік стандарттарын ескере отырып дамып келе жатқандықтан, мамандандырылған әкімшілік соттар құру, сот және әкімшілік реформалардың қисынды жалғасына айналды. Осы Кодекстің қабылдануы әкімшілік сот ісін жүргізуді азаматтық іс жүргізуден оқшаулаудың маңызды қадамы болды. Бұдан әрі мамандандырылған соттар азамат пен әкімшілік (мемлекеттік) орган арасындағы жариялы-құқықтық дауларды қарайтын болады, бұл азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғаудың жаңа құқықтық институтының құқық пен заңнама жүйесіне енгізуі болып табылады.

Біздің еліміздің негізгі заңында 75-бапта «Сот билігі сотта іс жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады. Заңда көзделген жағдайларда қылмыстық сот ісін жүргізу алқабилердің қатысуымен жүзеге асырылады» деп бекітілген. Бұл норма мамандандырылған соттар құруға мүмкіндік берді және әкімшілік әділет жүйесін құруға негіз болды.

Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс бірқатар жаңалықтарды көздейді, олардың ішінде соттың белсенді рөлі қағидатын қарастыруға тоқталайық.

Ол АППК-нің 16 бабында бекітілген. Яғни, заң шығарушы оны былайша тұжырымдады: «сот әкімшілік процеске қатысушылардың түсініктемелерімен, мәлімдемелерімен, өтінішхаттарымен, олар ұсынған дәлелдермен, дәлелдемелермен және әкімшілік істің өзге де материалдарымен шектелмей, әкімшілік істі дұрыс шешу үшін маңызы бар барлық нақты мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті зерттейді. Судья әкімшілік істің нақты және (немесе) заңды тараптарына қатысты құқықтық негіздемелер бойынша өзінің алдын ала құқықтық пікірін айтуға құқылы. Сот өз бастамасы немесе әкімшілік процеске қатысушылардың уәжді өтінішхаты бойынша қосымша материалдар мен дәлелдемелер жинайды, сондай-ақ әкімшілік сот ісін жүргізу міндеттерін шешуге бағытталған өзге де әрекеттерді орындайды».

Бұл қағидат азаматтық немесе қылмыстық іс жүргізуде қолданбаған, жаңа болып табылады.

Әкімшілік сот ісін жүргізудегі соттың белсенді рөлі қағидатын іске асыру құқық қорғау функцияларын орындауды қамтамасыз етуге және әкімшілік сот ісін жүргізу міндеттерін шешуге қызмет етуге арналған. Бұл қағидатты сақтау әкімшілік соттарға дәлелдемелер жинау кезінде белсенділік танытуға, әкімшілік сот ісін жүргізуді құруға негіз болады, нәтижесінде істің мән-жайларын неғұрлым толық анықтауға және соттың заңды және негізделген шешімін шығаруға мүмкіндік береді.

Әкімшілік әділет соттары әкімшілік істер бойынша сот төрелігінің неғұрлым дамыған және қазіргі заманғы нысаны болып табылады. Билік қатынастарындағы дауларды шешетін және азаматтарды әкімшіліктің заңсыз әрекеттерінен қорғайтын мұндай соттар кәсібилік, бейтараптық және дауларды шешу құзыреттілігі тұрғысынан әкімшілік сот төрелігін ұйымдастырудың ең қолайлы нысаны болып есептеледі.

Бұл қасиеттер көптеген елдерде әкімшілік әділеттіліктің кең таралуын түсіндіреді. Қазақстанда демократиялық мемлекеттің қалыптасуы елде бірқатар реформалар, соның ішінде әкімшілік және сот реформаларын жүргізуді талап етті. Әкімшілік әділет қалыптастыру әкімшіліктің іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және оның актілеріне бақылау орнатуға мүмкіндік беретін азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың пәрменді институтына айналады.

Бүгінгі таңда әкімшілік әділет мәселелерінің өзектілігі Қазақстанда азаматтық қоғамның берік негізін құру міндеттерімен негізделген. Бұл өз кезегінде қоғамдық бақылаудың қосымша құқықтық кепілдіктерін талап етеді. Осылайша, азаматтарға билікке әсер етудің көптеген құралдары, соның ішінде ең күшті — сот тұтқалары ұсынылады. Сонымен қатар әкімшілік әділет институтын енгізудің және сот шешімдеріне шағымданудың тиімді тетігін дамытудың маңыздылығын түсіндіреді.

Ұлан Қажыкен

Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы

Дені саудың — жаны сау!

    БҰҰ Бас Ассамблеясы 2015 жылы қабылдаған Тұрақты даму...

ҚазҰУ Заң факультеті: Қазақстандағы құқықтық білімнің флагманы

 Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Заң факультеті Қазақстанның ең...

Мемлекеттік тіл мерейім!

Мемлекеттік тілге деген құрмет ауыз екі тілде қазақша таза...

Қызылорда да сотталғандар ұлттық ойыннан сынға түсті

Қылмыстық-атқару саласына қарасты №68 мекемесінде шаруашылық қызметіне қалдырылған сотталғандар...

СИЛА ЖЕНЩИНЫ: ПОБЕЖДАТЬ, ВДОХНОВЛЯТЬ, ЖИТЬ

19 ноября в Алматы в рамках проекта «Розовый октябрь»...