12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Үкіметте азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мәселесі қаралды

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Бақыт Сұлтанов ӘМАТ бағасы және азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі бойынша кеңес өткізді. Бұл туралы ҚазАқпарат Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жиын ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жыл басында берген тапсырмаларды іске асыру аясында өтті.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру, азық-түлік қауіпсіздігі және монополияға қарсы әрекет ету мәселелері қаралды. Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 0,2% — ға өсті. Оның ішінде қырыққабат 1,6%-ға, қант 0,6%-ға және картоп 0,5%-ға қымбаттаған. Өңірлер арасында бір апта ішінде бағаның ең жоғары өсуі Маңғыстау облысында тіркелді, онда баға 0,8%-ға, Қостанай және Қызылорда облыстарында 0,4%-ға көтерілгені байқалды. Премьер-Министрдің орынбасары аталған өңірлердегі әкімдіктердің жұмысын сынға алып, азық-түліктің әрбір атауы бойынша бағаны бақылауды күшейтуді тапсырды.

Сондай-ақ, сауда субъектілерінің рұқсат етілген сауда үстемесін сақтауын бақылау бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуді тапсырды. Кеңес барысында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Қостанай, Қарағанды, Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында бәсекелестікке қарсы келісілген әрекетпен ӘМАТ бағасын көтеру бойынша және Маңғыстау, Алматы облыстарында тыңайтқыш өндіруге қатысты жұмыс жалғасып жатқанын хабарлады.

Сонымен қатар Ақмола облысында нан өндірушіге және Жамбыл облысында қант зауытына қатысты 2 тергеу аяқталды. Бұған дейін жасалған 8 хабарламаға сәйкес өнім бағасы (Қостанай облысында — 5 және СҚО — 3) төмендетілді. Бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзуға жол бермеу жөніндегі монополияға қарсы комплаенстің 7 актісі жасалды. ӘМАТ сауда үстемесін 15-тен 10%-ға дейін төмендетілді.

Сонымен қатар Бақыт Сұлтанов тиісті шаралар қабылдай отырып, баға белгілеудің барлық тізбегі бойынша делдалдық схемаларды тексеру жөніндегі өңірлік комиссиялардың жұмысын күшейтуді тапсырды.

Түркістан облысының әкімдігіне СИМ және АШМ-мен бірлесіп, өңірлерге ерте пісетін көкөністерді, соның ішінде қырыққабатты жеткізуді тапсырды.

Айта кетейік, Түркістан облысының 1200-ден астам тауар өндірушілері қырыққабат, картоп, сәбіз және пияздан өнім беруді жоспарлап отыр.

Под маской локализации

В ЯНВАРЕ 2026 ГОДА ФАРМАЦЕВТИЧЕСКИЙ РЫНОК КАЗАХСТАНА ПОТРЯС ОДИН ИЗ КРУПНЕЙШИХ В ЕГО ИСТОРИИ КОРРУПЦИОННЫХ СКАНДАЛОВ.

Балалар мекемелерін санитарлық қадағалау күшейтіледі

Енді тексерулер алдын ала ескертусіз, кенеттен жүргізіледі.

Қазақстан халқының саны 20 495 975 адамға жетті

Ұлттық статистика бюросы 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны жайында мәліметті жариялады.

Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Бахтияр Абайұлы Мұхаметқалиев ҚР жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Қызылордадағы Ұлттық құрылтай: Президент тапсырмалары қалай жүзеге асып жатыр?

Қызылорда қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысы мазмұны мен маңызы жағынан алдыңғы жиындардан айқын ерекшеленді. Мемлекет басшысы бұл жолы өңірлік мәселелермен шектелмей, елдің ұзақмерзімді дамуына тікелей әсер ететін энергетика, көлік-логистика, су ресурстары, цифрландыру, әлеуметтік саясат және мемлекеттік басқару жүйесіне қатысты нақты міндеттер жүктеді.