Үкімет жер қойнауын пайдаланушыларға берілген келісімшарттар мен лицензияларды қайта қарап жатыр

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр қатты пайдалы қазбалар мен көмірсутек шикізатының кен орындарын тексеру мәселесі жөнінде кеңес өткізді. Бұл туралы Үкіметтің сайты хабарлады.

Үкімет жер қойнауын пайдаланушыларға берілген келісімшарттар мен лицензияларды қайта қарау бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Осылайша, талдау барысында уәкілетті органдар міндеттемелерін дұрыс орындамай отырған қатты пайдалы қазбаларға қатысты 148 және көмірсутек шикізатына қатысты 27 келісімшартты анықтады.

Тиісті Жол картасы аясында тоқтату туралы тиісті хабарламалар жіберілетін шарттар мен лицензияларды анықтау жоспарлануда.

Осы жұмыстардың нәтижесінде кен орындары жаңа инвесторларға беру үшін аукционға шығарылады. Аукционда жер қойнауын пайдалану құқығын ұсыну барлық мүдделі инвесторлардың қатысуына тең мүмкіндік береді. Аукциондарды өткізу туралы ақпарат мемлекеттік органдардың республикалық баспа басылымдарында және интернет-ресурстарында міндетті түрде орналастырылады. Қабылданып жатқан шаралардың қорытындысы бойынша жер қойнауын пайдалану саласына, бірінші кезекте қатты пайдалы қазбалар кен орындарын игеру бойынша инвестициялар ағыны ұлғаяды. Үкіметтің осы бағыттағы жұмысы жалғастырылады.

Таяу Шығыстан 8585 қазақстандық елге қайтарылды  

Таяу Шығыс елдеріндегі жағдайға байланысты жүргізілген эвакуация басталғалы бері 8585 қазақстандық елге қайтарылды.

Қазақстанда биыл қанша баспана салынатыны белгілі болды 

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында елдегі тұрғын үй құрылысының көрсеткіштері туралы баяндама жасады.

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Сарапшы Қазақстанға төнетін қауіп жайлы айтты 

Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуі және Әзербайжанның Нахичевань қаласындағы әуежай аумағына ұшқышсыз ұшу аппаратының құлауы өңір елдеріне төнуі мүмкін қауіптерді қайтадан күн тәртібіне шығарды.

Қазақстанда күн күрт суытып, аяз -30 градусқа дейін жетеді

Қазақстанның бірнеше өңірінде 10–11 наурыз күндері ауа температурасы күрт төмендейді. Синоптиктердің болжамынша, түнде кей жерлерде минус 30 градусқа дейін суытуы мүмкін.

Қазақстанда әйелдер көп пе, ерлер ме? Ресми статистика жарияланды 

Қазақстан халқының саны 20,5 миллионнан асты. Ұлттық статистика бюросының соңғы деректері еліміздегі әйелдер мен ерлердің санына қатысты нақты мәліметтерді ұсынды.