ҮКІМЕТ ПРЕЗИДЕНТ СЫНЫНАН
НӘТИЖЕ ШЫҒАРА АЛА МА?

Мемлекет басшысының сынынан кейін Премьер-Министр Үкіметтің кеңейтілген отырысының қорытындылары бойынша кеңес өткізді. Жоғары жаққа құлақ түрген халық бұл жолы кім, не айтар екен деп қызығушылық танытқан. Әсіресе, азық-түлік өнімінің нақты және қолжетімді бағасын қамтамасыз ету, азық-түлік қауіпсіздігіне қол жеткізу бойынша нақты тапсырмалардың берілуі көптің көңіліндегі түйіткілді мәселелер болды.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, Ұлттық тауар өткізу жүйесін іске қосу бірқатар субъективті және объективті себептерге байланысты кешіктірілді. – Мемлекет басшысының ескертулерін ескере отырып, біз ұлттық тауар өткізу жүйесін құрудың қолданыстағы моделін қайта қарау бойынша жұмысты бастадық. Бүгінгі таңда біз мүдделі инвесторларды тарта отырып, көтерме сауда орталықтарын құрудың бірнеше балама сценарийлерін қарастырып жатырмыз. Осыған байланысты, белгіленген мерзімде яғни ағымдағы жылдың қазан айына дейін тиісті тәсілдер Мемлекет басшысына баяндалатын болады, – деген Бақыт Тұрлыханұлының сөзіне қарағанда, нарық иелерінің жауапкершілігін күшейтуге қатысты жұмыстың та бір ізге түскен сыңайы бар. Президент Қ.Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Бас прокуратура ағымдағы жылдың мамыр айында 122 нарықты тексеруді аяқтады. Тексеру қорытындысы бойынша бірқатар жүйелі проблемалар анықталды. Бас прокуратурамен, мүдделі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, бірқатар заңнамалық түзетулер әзірленді. Сауда және интеграция министрінің келтірген мысалына қарағанда, Қарағанды облысында 2 709 тонна көлемінде картоп жеткізуге бөлшек саудада 85 теңге белгіленген бағамен келісімшарт сәуір айында жасалды, ал коммерциялық баға сол уақытта 175 теңгені құрады. Нәтижесінде облыста картоп сатудың ең төменгі бағасы 135 теңге болды. Қырыққабат бойынша да осындай жұмыстар жүргізілді. Түркістан облысынан ерте егіннің өңіраралық ағындары жолға қойылды. Нарықты толтыру қорытындысы бойынша, келісімшарт жасалған өніммен бағаны 273 теңгеден 124 теңгеге дейін төмендетуге қол жеткізілді. Аталған механизмнің тиімділігін арттыруда апта сайынғы цифрлық Үкімет кеңсесінде жергілікті атқарушы органдармен селекторлық кеңес өткізіліп, пысықтау жұмыстары жүргізілуде. «Нарық қатысушылары белгілейтін нақты бағалар туралы халық пен бизнесті барынша ақпараттандыру қамтамасыз етіледі. Жалпы, тауар айналымындағы әлеуметтік маңызы бар өнімдердің «айналым схемасын» қаржыландырудың көлемі бар болғаны 4% құрайды. Сондықтан ол нарыққа толық әсер ете алмайды. Осыған байланысты, қаражат қозғалысы ашықтығының және олардың тиімділігінің артуына орай қаржыландыру біртіндеп ұлғаятын болады. Негізгі тауарлардың балансын қалыптастыруға қатысты Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Сауда және интеграция министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, негізгі тауарлардың теңгерімін қалыптастырудың бірыңғай ақпараттық жүйесін әзірлейтін болады», – деген Б.Сұлтанов азықтүлік қауіпсіздігі бағдарламасын әзірлеу бойынша жұмысты өз бақылауына алатынына сөз берді. Онда өндірушілердің ішкі нарықты толықтыру жөніндегі қарсы міндеттемелерін бекіту бөлігінде саланы субсидиялау және қолдаудың басқа да шараларын ұсыну бойынша тәсілдер қайта қаралатын болады. Нақты және тиімді өндірушілердің тезірек пайда болуына назар аударылады. Қант қызылшасы мен қантты өндіру мен қайта өңдеудің өзіндік жеткілікті саласын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінбек. Айтылған сөз – атылған оқ.

Тапсырманы орындаудағы Үкімет мүшелерінің нақты жауапкершілігі туралы айтқан кезде, Мемлекет басшысының «Үкімет жедел әрекет ететін оперативтік штаб қана емес, нақты реформаларды ұсынатын және жүргізетін басты мемлекеттік мекеме болу керек. Экономистер, кәсіпкерлер көп. Бірақ, олардан нақты ұсыныстар аз, тіпті, жоқ деп айтуға болады. Күзге қарай, мүмкін, кадрлық шешімдер қабылдау керек болады. Ерекше, дағдарыс жағдайында бұл өте қажет екені түсінікті» деген сөзі еріксіз еске түседі. Яғни, сынға ілінген министрлік басшыларының өз орнын сақтап қалуы енді өз қолында. Егер сөз бен іс қабыспаса, жылы орнымен қоштасуға мәжбүр болады.

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ, «Заң газеті»

Цифровой контроль ради безопасности 

ДВЕ ТРАГЕДИИ – ГИБЕЛЬ 20-ЛЕТНЕЙ ДИЛЬНАЗ ЖУМАГУЛОВОЙ В ОБЛАСТИ АБАЙ И УБИЙСТВО ЖАЗИРЫ АДАУВОВОЙ В АСТАНЕ ВНОВЬ ПОСТАВИЛИ ВОПРОС О ТОМ, МОЖНО ЛИ ВЫЯВЛЯТЬ УГРОЗУ ДОМАШНЕГО НАСИЛИЯ ДО ТОГО, КАК СТАНОВИТСЯ ПОЗДНО. ДЕПУТАТЫ КУРУЛТАЯ ПРЕДЛАГАЮТ ЗАПУСТИТЬ ПИЛОТНЫЙ ПРОЕКТ «ЭЛЕКТРОННАЯ ЗОНА ЗАЩИТЫ», ОБЯЗАТЬ ПОЛИЦИЮ ДЕЙСТВОВАТЬ ПО ЕДИНОМУ АЛГОРИТМУ И В ЦИФРОВОМ ФОРМАТЕ ФИКСИРОВАТЬ КАЖДЫЙ СИГНАЛ ОБ ОПАСНОСТИ И РЕАКЦИЮ НА НЕГО.

Республика күні Алматыда қайда баруға болады? Мерекелік іс-шаралар тізімі

25 қазанда Алматыда Республика күніне орай концерттер, көрмелер, спорттық жарыстар мен танымдық іс-шаралар өтеді. Мерекелік бағдарламаға Мемлекеттік ту көтеру рәсімі, ашық аспан астындағы концерт және халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі кіреді.

1 қаңтарынан бастап еліміздегі барлық балабақша міндетті лицензиялаудан өтеді 

Жаңа талап аясында санитариялық жағдай, өрт қауіпсіздігі, бейнебақылау жүйесі мен білім беру сапасы тексеріледі.

Еңбек ардагерлері, жұмысшы кәсіп, ғылым мен денсаулық сақтау өкілдері – Президент мемлекеттік наградаларды беру туралы Жарлыққа қол қойды 

Ұлттық мерекеміз – Республика күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Республика күніне орай Алматыда қандай шаралар өтеді? 

25 қазанда Қазақстанда елдің мемлекеттілігі мен егемендігін білдіретін ұлттық мереке – Республика күні аталып өтеді. Осы мерекеге орай Алматыда қала тұрғындары мен қонақтарына арналған мәдени-көпшілік, спорттық және танымдық іс-шаралар ұйымдастырылады.