12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Үкімет Қазақстан экономикасына арналған «Б» жоспарын әзірледі

Қазақстанда пандемия ұзаққа созылған жағдайда экономика үшін «Б» жоспары әзірленді. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин әлеуметтік-экономикалық ахуалдың нашарлаған жағдайда қазақстандық экономиканы сақтап қалуға арналған қосалқы жоспар туралы сұрады.

«Әсет Арманұлы, 2019 жылдың қорытындысы бойынша, шағын және орта бизнестің үлесі 31,7 пайыз. Алдын-ала есептеулер бойынша, (2020 жылғы қорытынды — ескерт.) 28,5 болады. Бұл туралы сұрақтар жоқ. Шағын және орта бизнестің төмендеуі коронавирус инфекциясына байланысты шектеу шараларының нәтижесі екені түсінікті. (…)

«Біз пандемия бұдан әрі қалай жалғасатынын, дағдарыстың қашан аяқталатынын, экономика қалпына келе ме немесе жаңа жағымсыз факторлар пайда бола ма білмейміз. Партия төрағасы да, мемлекет басшысы да «Б» жоспары болуы керек деді. Егер біз басқа да қауіп-қатерлерге тап болсақ, қосымша іс-қимыл жоспары бар ма? (…) Біз туризм, мейрамхана бизнесі, сервистік қызмет көрсетудің қандай жағдайда екенін көріп отырмыз. Бұл көрсеткіштерді (Nur Otan сайлауалды бағдарламасында көрсетілген көрсеткіштер) қалай көтереміз? Басқа жоспар бар ма?», — деп сұрады Нығматулин Мәжілісте.

Ұлттық экономика министрлігі басшысы «Б» жоспары барын айтты.

«Үкімет Ұлттық банкпен және Қаржы нарығын дамыту агенттігімен бірлесіп, әлеуметтік-экономикалық ахуал нашарлаған жағдайда бірлескен іс-қимыл жоспарын әзірледі. Ол халық пен бизнеске қажет қолдауды, сондай-ақ, макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған шұғыл шаралардан тұрады. Егер триггерлер жұмыс істесе, жоспар күшіне енеді. Триггерлердің арасында коронавирус таралуы және мұнай бағасының жоғары құбылмалығы, басқа да сыртқы факторлар бар», — деп түсіндірді бөлім басшысы.

МЕЖДУ СТРОК КОДА: ИИ И БУДУЩЕЕ ЖУРНАЛИСТИКИ

Алматы недавно стал площадкой для жарких дискуссий о будущем...

Көші-қон заңнамасын бұзған шетел азаматтары жауапкершілікке тартылды

2025 жылғы наурыз айының 11-14 аралығында «Мигрант» жедел профилактикалық...

Қазақстанда Президент жанындағы Ядролық энергетика агенттігі құрылады

Қазақстанда Президент жанындағы Ядролық энергетика агенттігі құрылады. Бұл туралы...

Тоқаев жаңа маңызды тасжол құрылысы басталатыны туралы жариялады

Ұлттық Құрылтайдың IV отырысында сөйлеген сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев елдің...