Киік мүйіздерін сақтап, тасымалдағаны үшін істі болған ақтөбелік жазасын мәжбүрлі еңбекпен өтеуде

Киік мүйіздерін сақтағаны, өткізгені және тасымалдағаны үшін сот үкімімен 5 жыл бойына аңшылықпен айналысу құқығынан айырылып, 4 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Ырғыз аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған азамат, жазасын жыл сайын 100 сағатқа мәжбүрлі еңбекке тартылу бойынша өтеп жүр.

Пробация қызметкерлерінің айтуынша, есепте тұрған азамат күніне төрт сағаттан жергілікті әкімдік белгілеген қоғамдық орындарды тазалаумен және саябақтарды абаттандыру жұмыстарымен жазасын өтейді.

«Әрине, өз жасаған ісіме өкінемін. Киік мүйізін сақтауға, өткізуге, тасымалдауға тыйым салынғанын біле тұра соған бардым. Енді жазамды мәжбүрлі еңбекпен өтеп жатырмын. Бұл маған үлкен сабақ болды, – дейді пробация есебінде тұрған азамат.

«Мәжбүрлі еңбекке тартылған азаматтарға ешқандай ақы төленбейді. Керісінше сот жүктеген міндетке сай өздеріне берілген жаза мерзімі бойынша еңбектерін тегін өтейді»,- дейді Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз хатшысы Гүлфайруз Төремұратова.

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде Мейірімділік күніне орай кітап көрмесі ұйымдастырылды

Абай облысы бойынша ҚАЖ-дың қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде Мейірімділік...

Орташа қауіпсіздік мекемесінде сотталғандар арасында жазғы спартакиада аясында шағын футболдан турнир өтті

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің орташа қауіпсіздік мекемесінде...

Орташа қауіпсіздік мекемесінде Ұлттық домбыра күніне арналған мәдени-ағартушылық іс-шара өткізілді

Семей қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің Цемент кентіндегі бөлімшесі Абай...