«КИЕЛІ МЕКЕН» АКЦИЯСЫНА АЛАКӨЛДІКТЕР ДЕ АТСАЛЫСУДА

Жетісу облысы, Үшарал қаласындағы Д. Қонаев атындағы орталық саябақта «Киелі мекен» науқанына орай тазалық шарасы өтті.

Орталық саябақтан басталған шараға аудан тұрғындары бір кісідей атсалысты. Нәтижесінде ұзындығы 1,5 шақырым болатын аумақ тазаланды. Тазалық акциясы аясында түске дейін 3 тоннаға жуық күл-қоқыс шығарылды.

Шараға жиналған жұрт ауданды қоқыстан тазартып қана қоймай, екі қолға бір күрек ұстап, ағаш егуге кірісті. «Бір тал кессең – он тал ек» деген халық даналығы бүгінде жерде қалмауда. Айналаны жасыл желекке орап, жолдың бойына отырғызылған ағаштар әсем бейнесімен көз тартарлық.

«Киелі мекен» акциясына ауданның Үйгентас, Қабанбай ауылының тұрғындары да белсенді қатысуда.

Когда справедливость требует времени

Вопрос справедливости судебного решения редко заканчивается на первой или...

Апостильдің маңыздылығы

Апостиль – елдер аумағында ұсынуға арналған құжаттың заңдылығы туралы...

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары

Сыбайлас жемқорлық – мәртебесі мен даму деңгейіне қарамастан барлық...

Кассациялық сатыдағы соттың маңыздылығы

Елімізде 2025 жылдан бастап сот саласына жаңашылдық енізіліп, кассациялық...

Соттағы қылмыстық істерді қараудың басты бағыттары: әділдік пен заңдылық кепілі

Қылмыстық істерді сотта қарау – адам тағдыры шешілетін, қылмыстық...