12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Кибербуллинг және жастар арасындағы агрессивті мінез құлық

Кибербуллинг деген не? Ол туралы қандай пікірлер бар? Кибербуллингпен күрес шаралары әлемде қалай жүргізіледі? Кибер шабуылдың алдын алу үшін не істеу керек?

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық
соты әкімшісінің бас маманы А.Дайыркен

1.Кибербуллинг – әлеуметтік желілерде адамдарды белгілі бір жолмен қорқытып немесе бопсалап, қысым көрсету.Кез келген адам кибербуллингтің құрбаны болуы мүмкін.Алайда,мұндай іспен айналысатындар көбінесе кішкентай балаларды немесе жасөспірімдерді нысанаға алады.Себебі белгілі — кішкентай балалардың мұндай істен хабары жоқ болғандықтан және қорыққандықтан, қысым көргені туралы ешкімге тіс жарып айта алмайды.Көп жағдайда тіпті ешкіммен ашық сөйлесе алмай,интернет шабуылшысының айтқандарын орындайды.

Кибербуллингпен айналысушылар арасында педофилдер көп.

Олар алғашында балалар мен жасөспірімдерді алдап,желіге жалаңаш бейнелерін салуға үгіттейді де,артынша сол суреттерді елге жариялаймын деп бопсалап,айтқанын істетеді немесе кездесуге шақырады,тіпті болмаса ақша талап етуі мүмкін.Әрине,мұндай қоқан-лоққыдан кейін бала үрейге тұншығып,өз-өзіне қол жұмсайтын жағдайға жетеді. Мұндай интернет шабуылы басқа сипатта орын алуы да мүмкін.Мысалы,бала интернетте өзі қатарлы баламен танысады,уақыт өте келе ол әртүрлі қызық видеолар мен жалаңаш суреттерді жіберуге үгіттейді.Ал шын мәнінде,бұл жалған атпен парақша ашқан педофилдердің ісі болып шығады.Өкінішке орай Қазақстанда кибербуллингке ұшырағандар саны өте көп.

Бұл тақырып қазіргі таңда бүкіл әлем елдері үшін үлкен мәселе.

Айта өткеніміздей,мұндай кибер шабуылға көбіне жасөспірім балалар ұшырайды.Алайда,тек бір жақты пікір қалыптастыруға болмайды. Яғни,әлеуметтік желідегі және цифрлық кеңістіктегі қорқыту тек жасөспірімдерге арналған деген пікір – стереотип. Статистикаға сүйенсек:

Дүние жүзіндегі ересек тұрғындардың шамамен 40% киберқорқытуға ұшырайды. Америкада интернеттегі қорқытуды бастан өткерген адамдардың үлесі:

Кибербуллингті бастан өткерген адамдардың 23% -ында ұйқы проблемалары болған.Яғни,мұндай қоқан-лоққы адам психологиясына үлкен зардаптар әкеледі.Бүкіл әлемде әлеуметтік желілер онлайн қорқыту үшін ең көп таралған кеңістік болып табылады.

Кибербуллингпен күресу жолдары:

Анықтамаға сәйкес қазіргі таңда әлемнің 21 елінде кибербуллингпен күресуге арналған арнайы ұйымдар бар.

Өкінішке орай Қазақстанда бұл мәселе бойынша статистика жүргізетін ешкім жоқ.Сондықтан, мамандар АҚШ пен Ресейдің тәжірибесінде қолданылған жалпы буллингке қарсы іс-шараларды іске асыруды ұсынды.

Желідегі және жалпы қоқан-лоққының алдын алу жолдары: Бұл тақырыпта ең басты жауапкершілік ата-анаға түседі.Ата-ана – баланың өмірі үшін ең басты жауапты жандар,сондықтан баланың басына түскен әрбір жағдай тікелей ата-анамен байланысты.Ең біріншіден баламен көп сырласу қажет және күнделікті проблемаларын тыңдап,шешу арқылы оның арқа сүйейтін отбасы бар екендігіне көзін жеткізу керек.Егер бала проблемасын айтып келсе,оған бас салып ұрысудың қажеті жоқ.Негізсіз кінәлап,ұялы телефонын алып қою да үлкен қателік.Сондықтан,әркез ата-ана баланы өзіне жақын ұстау керек.

2.Агрессия (латын тілінен «agressio» – шабуыл,ашу-ыза).Біреуге немесе бір нәрсеге бағытталған ызалы қимыл немесе сөз әрекеттері.

Уақыт өткен сайын адамдардың бойында сабыр,ұстамдылықтан көрі шыдамсыз,ызалы темпераменттер көбейіп барады.

Мұның себебі неде? Жастардың агрессивті болуына не әсер етеді? Салыстырмалы статистикалар қандай ақпарат береді?

Brand Analytics компаниясы 2021 жылдың қараша айындағы орыс тілді қолданушылардың әлеуметтік желідегі агрессивтілігін зерттеу нәтижелерін жариялады.Зерттеу статистикасы 2018 жылдан бері қолданушылардың агрессивтілігі қалай өзгергенін, олар қазір әлеуметтік желілерде агрессияны қайда және қалай білдіретінін көрсетеді.

Негізгі тұжырымдардың бірі – әлеуметтік желілердегі агрессивтіліктің аздап төмендегені: орыстілді әлеуметтік желілердегі хабарламалардың үлесі 2018 жылдың қарашасындағы 5,53%-дан 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,14%-ға дейін төмендеді. Пайдаланушылардың агрессивтілікпен жазған 55 миллион хабарламалары 52,5 миллионға дейін төмендеген.

Жасөспірімдердің агрессивті мінезінің себебі неде?

1.Төтенше қажеттілік ретінде — балада өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін басқа амалдары таусылған кезде;

2.»Жатталып қалған» бейненің мінез-құлқы ретінде — бала өзі үлгі тұтатын өнегесіне (ата-аналардың немесе басқа ересектердің, кино және телекейіпкерлердің тұлғасына) еліктеп, агрессивті мінез көрсетуі.

3.Сондай-ақ, агрессивті мінезді танытуға биологиялық факторлар (жүйке жүйесіндегі ерекшеліктер, тұқым қуалаушылық) әсер етеді.

Агрессияның пайдасы неде?

Агрессивті мінезді тек бір жақты қарастырып,жаман деп қарауға болмайды.Оның пайдасы тиетін жерлер де бар.Мысалы,ашу-ыза кей кезде адамның мотивациясын оятатын себепкер болып табылады.Яғни,сыртқы орта адамға қандай да бір менсінбеушілік танытқан кезде адам бойында агрессия пайда болады.Осының арқасында адамдар өз мақсаттарына жетуге одан сайын талпынып,өз дегендеріне талпынады.

 Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі

                                                        мамандандырылған ауданаралық

                                                                     соты әкімшісінің бас маманы А.Дайыркен

Сот жүйесінің маңызы

Сот жүйесі – мемлекеттің әділдік пен заңдылықты қамтамасыз ететін...

Наурыз мейрамының дәстүрлері

Наурыз мерекесі халқымыздың салт-дәстүрімен тығыз байланысты. Бұл күні көптеген...

КӘСІБІНЕ АДАЛ АЗАМАТ

Қазақ журналистикасында ерекше еңбекқорлығымен, өткір ойымен, азаматтық ұстанымымен дараланған...

Подписан трехсторонний меморандум

Заместитель руководителя департамента Судебной Администрации по ЗападноКазахстанской области Қ....

Новая страница великой истории

Аким Туркестанской области Нуралхан Кушеров обратился к жителям региона,...