12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Кентаулық полицейлер бұзақылық жасап, мас халде көлік тізгіндеген жас жігітті анықтады

Кентау ҚПБ патрульдік полиция тобының қызметкерлері патрульдеу жұмыстарын атқару кезінде, жол бойында төбелесіп жатқан жүргізушілерді байқап, бірден мән-жайды анықтау үшін олардың жандарына барады. Содан бір-біріне күш қолданып жатқандарды ажыратып үлгереді. Осы сәтте «Alphart» маркалы көлік жүргізушісі «Hyundai» жүргізушісінің үстінен арызданады.

Жәбірленушінің айтуынша, ол өзінің «Alphart» көлігімен келе жатып, абайсызда жол шетінде тұрған орта жастағы әйелді қағып кетейін деп қалады. Осы сәтте соңындағы көліктен әйелдің күйеуі шығып, оның тарапына қатысты түрлі балағат сөздер айтып, соққыға жыға бастайды. Осылайша екеуінің арасында түсінбеушілік орнап, соңы үлкен дауға ұласады. «Hyundai» жүргізушісі ұрып-соққанымен қоймай, жәбірленушінің көлігінің терезесін сындырып, 200 000 теңге көлемінде материалдық шығын келтірген. Мән-жайға қаныққан полицейлер аталған жайтты ҚР ҚК-нің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша тіркеуге алды. Жүргізушілердің құжаттарын тексеру кезінде «Hyundai» жүргізушінің мас халде екеніне күмән келтіріліп, оның спирттік ішімдік ішіп, көлік басқарғаны расталды. Оған қоса автокөлік иесі бұдан алдын жүргізу куәлігінен айырылғаны белгілі болды.

Осыған сәйкес «Hyundai» жүргізушісіне, яғни бұзақылық жасап, онымен қоймай мас күйде көлік тізгіндеген жас жігітке қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабы 2-бөлігімен «Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын осындай адамның басқаруына беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру» тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері жүргізушілерді және жол қозғалысының өзге де қатысушыларын туындаған мәселелерді заң аясында шешуге шақырады. Егер де, сіз, осындай оқиғалардың құрбаны немесе куәсі болсаңыз, дереу 102 телефоны бойынша полицияға хабарласыңыз.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

КОДЕКС СУДЕЙСКОЙ ЭТИКИ

Судьи Республики Казахстан, основываясь на Конституции Республики Казахстан (далее...

Харассмент: за молчаливым барьером

Актуальность данной темы в современном обществе невозможно переоценить. За...

Полиция «Альфард» жүргізушілеріне түсіндірме жүргізді

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтың тапсырмасымен жеке...

Жастардың құқықтық санасын, рухын оятып, мәдениетін дамыту керек

Сыбайласқан жемқорлық атты дерттен арылу және жойу жолын жастардың...

«Арсыз, надан» деген сөздер ар-намысты қорлауға жата ма? Адвокат жауабы

Белгілі адвокат Жания Бодау "Арсыз, надан" сөздері ар-намысты қорлауға...