Кентауда екі жасар бала суару каналына құлап кеткен

Түркістан облысында суару каналына құлап кеткен екі жасар бала құтқарылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Министрлік мәліметінше, оқиға 30 сәуірде 19:47-де Кентау қаласы, Хантағы ауылы, Төреқұлов көшесінде болған. 500 мм суару құбырына кәмелет жасқа толмаған баланың құлап кеткені туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына барған кезде ересектердің қарауынсыз қалған 2020 жылы туған бала құбырға құлап, 15 метр қашықтықта тұрып қалғаны анықталды. Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

«Құтқару операциясына Түркістан облысы ТЖД 3 құтқарушысы және 1 бірлік техникасы жұмылдырылды. Құтқарушылар зардап шеккен баланы құбырдың ішінен алып шығып, жедел жәрдем қызметкерлеріне табыстады. Қазіргі уақытта баланың жағдайы орташа, дәрігерлердің бақылауында. ТЖМ азаматтарға балаларды ересек адамдардың қарауынсыз қалдырмауға кеңес береді», — делінген хабарламада. 

Сот жүйесінің ашықтығы мен жариялылығы

Сот жүйесінің ашықтығы – соттардың өз қызметі туралы заңда...

Қазақ тілінің ұлттық бірегейлікті нығайтудағы рөлі

Тіл — халықтың тарихи жадын сақтаушы құрал. Қазақтың мақал-мәтелдері,...

 Комплексный подход

СНИЖЕНИЕ УРОВНЯ ПРЕСТУПНОСТИ В СТРАНЕ ЯВЛЯЕТСЯ РЕЗУЛЬТАТОМ СИСТЕМНОЙ РАБОТЫ,...

Сот актілерінің орындалмағаны үшін тұлғаларды жауапкершілікке тарту тетігі

Сот төрелігін жүзеге асырудың негізгі мақсаты -  азаматтар мен...

Тұғыры биік – туған тіл

Тіл – ұлттың рухани өзегі, халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан...