12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Кентауда бір сотталғанға ескерту берілді

Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД Кентау қалалық пробация қызметі және Полиция бөлімі инспекторларымен бірлесіп, пробация қызметі есебінде тұрған адамдарды жұмыс орындары мен тұрғылықты мекенжайы бойынша тексеру жұмыстары жүргізілді. Қылмыстың алдын алу және бұрын істі болғандармен кері байланыста мұндай шаралардың маңыз зор! Сондықтан көне ауданда мұндай профилактикалық шараларды жиі өткізіп тұрады. Іс шара барысында профилактикалық және тізімдік есепте тұрған тұлғаларды жұмыс орындары мен тұрғылықты мекенжайы бойынша тексеріп, құқық бұзушылықтың алдын-алу бойынша профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.

Ағымдағы жылдың 15-22 тамыз аралығында «Пробация» атты ЖПІШ өткізіліп жатқандығына байланысты Түркістан облысы Кентау қалалық Пробация қызметі бөлімі есебінде тұратын сотталғандардың тұрғылықты мекен жайлары тексеріліп тқрады. Аталған шара қалалық Полиция бөлімі және прокуратура қызметкерлерімен бірлескен түрде толыққанды тексеру жұмыстары жүргізілді. Соның нәтижесінде 1 сотталғанға есекрту берілді. Сонымен қатар, бас бостандығынан айыру жазасына байланысты емес жазаға сотталғандардың негізгі міндетін сот белгілейді. Атап айтқанда, оларға жұмыстан немесе оқудан бос кезде міндетті түрде тұрғылықты жерде болу, алкагольдік ішімдік ішетін, құмар ойын-сауық орындарына бармау, пробация қызметіне белгілеген күндері келіп тіркелу міндетті болып табылады. Осы тәртіпті бұзған жағдайда бас бостандығын шектеу жазасы бас бостандығынан айыру жазасына алмастырылады. Ал, шартты жаза болған жағдайда шартты мерзімді ұзарту немесе шартты жазаның күшін жойып бас бостандығынан айыру жазасына алмастыруға сотқа ұсыныс жолданады, — деді Кентау қалалық пробация қызметі бөлімінің бастығының м.а. әділет капитаны Эльмира Орынбаева.

Пробация қызметінің әділет капитанының сөзіне қарағанда бір күнде 25 сотталғанның жұмыс орыныны мен мекенжайына барып тексерген. Осындай тексеру барысында 1 сотталғанның құқық бұзғаны анықталып, оған ескерту берілді. Тексеру барысында аталған бір бас бостандығынан шектеу жазасына тартылған азамат тұрғылықты мекенжайында болмаған. Егер шартты түрде сотталушы сынақ мерзімі ішінде өзінің түзелгенін дәлелдесе шартты түрде соттаудың мерзімінен бұрын босату жөнінде сотқа ұсыныс беріледі. «Пробация» жедел-профилактикалық іс-шарасының өтуі барысында құқық бұзушылыққа бейім адамдар тізімі анықталып, есепте тұрған сотталғандардың тұрғылықты мекенжайы бойынша тексерістер жүргізіліп, сотталғандармен профилактикалық әңгімелер жүргізілді. Егер шартты түрде сотталушы сынақ мерзімі ішінде өзінің түзелгенін дәлелдесе шартты түрде соттаудың мерзімінен бұрын босату жөнінде сотқа ұсыныс беріледі.

Международный Форум Астана 2025

29-30 мая в городе Астане пройдет Международный Форум Астана...

Мамыр айында Астана халықаралық форум өтеді

29-30 мамырда Астана қаласында Астана халықаралық форумы (Astana International...

Зиялы қауымның үйретері көп

Негізі халықпен жұмыс істейтін қызметкерлер  зиялы қауым өкілдерімен мүмкіндігінше...

ЛЕЧЕНИЕ ВОСПАЛЕНИЙ КИШЕЧНИКА: ВЕДУЩИЕ ЭКСПЕРТЫ ОБМЕНЯЛИСЬ ЛУЧШИМИ ПРАКТИКАМИ

В Алматы состоялся IX Национальный форум по воспалительным заболеваниям...

ІШЕКТІҢ ҚАБЫНУЫН ЕМДЕУ: ЖЕТЕКШІ САРАПШЫЛАР ЕҢ ҮЗДІК ПРАКТИКАЛАРМЕН БӨЛІСТІ

Алматыда Қазақстанның, Ресейдің, Бельгияның, Израильдің және т.б. елдердің жетекші...