Кентау қаласының сотына жаңа судья тағайындалды. Ол өзінің міндетін адал атқару үшін ант берді.
Қазақстан Республикасы Президентінің 06.12.2024 жылғы №726 жарлығымен Отепов Мағжан Ермекович Кентау қалалық сотының судьясы лауазымына тағайындалды. Сот корпусына судьяны Түркістан облысы төрағасы Сұлтанов Айдос Едігеұлы жиналыс өткізіп, жаңа судьяны таныстырды.

Төраға судьяның жаңа қызметіне табыс тілей отырып, сот төрелігін жүзеге асыруда Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, ар ожданды басшылыққа алуға, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін қорғауда бейтарап, әділ болуға, өзіне жүктелген міндеттерін қорғауда бейтарап адал атқаруға, мемлекет игілігі үшін жұмыс істеуге тілек білдірді. Облыстық сот төрағасы облыстың судьялар корпусының атынан жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтап, сот төрелігін жүзеге асыруда жемісті еңбек етіп, жұмысына табыс тіледі.
Отепов Мағжан Ермекович, 1992 жылы 26 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданында дүниеге келген. 2008-2011 жыл аралығында Оңтүстік Қазақстан құқық және салалық технологиялар колледжін заңгер мамандығы бойынша, 2012-2015 жыл І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған.
Мемлекеттік қызметте еңбек жолын 2012 жылы ОҚО Шымкент қаласының Абай аудандық сотында жетекші маманы болып бастаған. 2013 жылы осы соттың бас маманы, 2014 жылдан 2023 жылға дейін Шымкент қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маман сот отырысының хатшысы лауазымын атқарған. 2023-2024 жыл аралығында Кентау қалалық соты әкімшісінің басшысы қызметін атқарған. Сот жүйесіндегі жалпы жұмыс өтілі 12 жылға жуық.


