12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

КЕНШІЛЕР ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ЗИЯН КЕЛМЕУІНЕ МҮДДЕЛІ

Ақмола облысындағы Степногор тау-кен химия комбинаты жылына 4000 тонна уран өнімін, мыс-молибден флотоконцентратының 1 млн тоннасын өндіреді. Негізгі кен орны – Қызылту. Уранның тек 30 пайызы ғана өңделіп келсе, алдағы уақытта бұл көлемді екі есе арттыру межеленіп отыр. Айта кету керек, комбинат өнім өндірумен қатар, Степногор тәрізді шағын қаланың шаруасына да араласып, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға қолұшын беріп келеді.

Жоғарыда айтқандай, комбинат мыс-молибден кенін өндірумен де айналысады. Сондай-ақ аталған пайдалы қазбамен бірге алтын-күміс сияқты әлемге белгілі бағалы металдар да мұндағы кен қойнауында бар. Ал жалпы тау-кен химия комбинатының негізгі бағыты – уран. Семізбай деп аталатын жерде орны бар. Дайын өнім – табиғи уран тотығы мен мыс-молибден флотоконцентраты. Мыс флотоконцентраты туралы айтар болсақ, комбинатта бұған қатысты екі цех жұмыс істейді. Бұл жерде мыс-молибден ұсақталады және байыту сатылары бойынша өңделеді. Комбинаттың бас инженері Андрей Черныхтың айтуынша, қазіргі таңда көпшіліктің экологиялық мәселелерге алаңдайтыны белгілі. Комбинатта кен өндіру барысында қоршаған ортаға зиян тигізбеу мәселесі мықтап ескерілген. Яғни барлық экологиялық талап мүлтіксіз орындалады. Ол үшін белгіленген кесте бойынша тұрақты мониторинг жүргізіп, жалпы ахуал қатаң қадағаланып келеді. Мамандардың айтуынша, табиғатта кездесетін уранның кең тараған түрі настуран екен. Термиялық және химиялық тұрақты қосылыс болып табылады. Барлық уран оксидімен салыстырғанда неғұрлым тұрақты. Дұрысы, уранның барлық қосылысы тәрізді радиоактивті ядролық реакторларға арналған отын құрамындағы уран концентратының негізгі компоненті саналады. Уран шикізаты арнайы пеште қыздырылады. Қызуы 800ºС мөлшеріне дейін жетеді. «Цехта уран тотығы шығарылады. Шикізатты қайтадан өңдейміз. Экстракциялық өңдеуден өткізіп, арнайы пеште қыздырамыз. Қазір бізде шағын өңдеу жұмысы жүргізіліп жатыр», – дейді үймелеп шаю цехы басшысының орынбасары Қайрат Қайырисламов. Ал барлық өңдеуден кейін уран арнайы құтыларға құйылады. Ол құтыларды тиеу мен түсіру цехының жұмысшылары бояп, арнайы қаптап дайындайды. Осы жерде 17 жыл еңбек өтілі бар тәжірибелі маман Толғанай Оразтаеваның айтуынша, кәсіпорын басшылығы өз қызметкерлеріне қамқор. «Жалақысы тұрақты қолымызға тиеді. Комбинат басшылары тарапынан жұмысшылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы жасалған. Уақытында дем аламыз. Қарапайым жұмысшыларға бұдан артық не керек? Екіншіден, ұжым мүшелері өте жақсы, бір-бірімен тату, іскерлік қарым-қатынаста жұмыс істеп жүр», – дейді Т.Оразтаева. Комбинатта 15 жылға жуық уақыт жұмыс істеп келе жатқан кәнігі маман Ғалымжан Пердебаев – тиеу-түсіру учаскесінің басшысы. Ал учаскенің арнайы қызметі – комбинатта өңделіп шыққан дайын өнімді қаптау. «Біздің комбинатты уран өнімін шығару бойынша жұмыс істейтін ең ірі зауыттардың бірі десек те болады. Өнім көлемі ұлғайған сайын, жұмысшылардың саны да артпақ. Бір жағынан, бұл да жергілікті елге тиімді, жаңа жұмыс орындары пайда болады. Қазір 32 маман жұмыс істейді. Жалақысы да тұрақты», – дейді ол. Жалпы, мұндағы негізгі жұмыс екі бағытта өрбиді. Оның ішінде үлкені – Қызылту кен орнынан жеткізілетін мыс-молибден концентратын өңдеу. Бір ауысымда 80-нен аса жұмысшы жұмыс істейді екен. Тағы бір жаңалық, кейінгі жылдары жұмысқа қажетті техникалар жаңартылып, құрал-саймандар алына бастаған. Нағыз еңбек адамдарының айтуынша, бұл – өте маңызды мәселе. Материалдық-техникалық базаның заман талабына сай жаңғыруы еңбек өнімділігіне де тікелей әсер ететіні белгілі. Сондықтан комбинаттағы цех жабдықтарын техникалық талапқа сай уақтылы жаңартып, жөндеуден өткізіліп тұрады. Әйтсе де, кеңес заманынан қалған техникалар да жұмысқа жарап-ақ жүр. Сапасы мықты шығарылғаннан ба екен, әлі күнге дейін шыдап келеді дейді мұндағылар. «Зауытта көп жылдан бері жұмыс істеп келемін. Дұрысы, 2006 жылдан бері қарай осындамын. Комбинатта орталықтандырылған бақылау жүйесі орнатылған. Мен осы жерде жұмыс істеймін. Барлық ақпарат рет-ретімен жазылып алынып отырады. Тәртіп үшін керек дүние. Осы арада отырып комбинаттың бар тыныс-тіршілігін алақаныңдағыдай көріп отыруға болады. Міне, қараңызшы, мыс кені әбден ұсақталғаннан кейін бас сорғы стансасына жеткізіледі. Ол жерден флотацияға өтіп, мыс концентраты байытылып, өнімге айналады. Жалпы, кенді кәдеге жарату оңай шаруа емес. Бірнеше өңдеу түрінен өткізілгеннен кейін соңғы қорытынды мыс концентраты деп аталады», – дейді басқару құрылғысының операторы Сергей Савченко. Қарапайым дағдыдан айырылмай-ақ, таза еңбекпен тапқанын өз игілігіне жаратқан елдегі азаматтардың бір тармағы – осы кеншілер. Ел байлығына үстемелеп байлық қосқан адал мамандық иелері қашаннан зор құрметке лайық емес пе?!

Шернияз ЖАЛҒАСБЕКҰЛЫ

 «Халықаралық Нельсон Мандела»  күніне орай жазалы жасөпірімдерге дәріс өткізілді

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі...

Конкурс лучшей психологической стенгазеты прошел в колонии смешанной безопасности г. Семей

В колонии смешанной безопасности г. Семей среди осужденных отбывающих...

РЕМОНТ К ЮБИЛЕЮ

В школе-гимназии города Макинска Буландынского района Акмолинской области со...

МЕСТО, ГДЕ ВСЕГДА ИНТЕРЕСНО

В ясли-сад «Балдырған» города Макинска, что в Буландынском районе,...

ҚАЖ теолог мамандары біліктілікті арттыру курстарынан өтті

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі...