Кенеден қорғану үшін не істеу керек? ДСМ кеңес берді

Биыл 25 598 адам кене энцефалитіне қарсы вакцина алған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жоспарлы вакцинациялауға аурудың табиғи ошақтарында жұмыс істейтіндер, орманшылар, геологтар және аңшылар сияқты адамдар жатады.

Кене энцефалитінің профилактикасы мақсатында жәндіктер шағып алған жағдайда кене иммуноглобині қолданылады. Препаратты дәрігер медициналық ұйымға жүгінген кезде тексеруден кейін ғана тағайындайды.

Жыл басынан бері 7547 адам кене шағып алғаннан кейін медициналық көмекке жүгінген. Профилактика мақсатында кене шаққан адамдардың 92 пайызы кене иммуноглобулинін алды.

«Бүгінгі таңда вакцинациялауды жалғастыру және халықты қорғау үшін вакцинаның 29 мыңға жуық дозасы және шамамен 44 литр иммуноглобулин бар. Кене энцефалиті эндемиялық аумақтарда табиғи жағдайда жұғады», — деп жазылған хабарламада.

Министрлік өзіңізді және жақындарыңызды қорғау үшін бірқатар кеңес берді:

1.⁠ ⁠Репелленттерді қолданыңыз. Кенеге қарсы құралдар шағу қаупін азайтуға көмектеседі.
2.⁠ ⁠Қорғаныс киімін киіңіз. Орманда және табиғатта жабық киім мен аяқкиімді таңдаңыз.
3.⁠ ⁠Өзіңізді және жақындарыңызды үнемі қарап-тексеріп отырыңыз. Табиғатта серуендегеннен кейін денеңізді мұқият тексеріңіз.
4.⁠ ⁠Уақтылы медициналық көмекке жүгініңіз. Кене шағып алған кезде дереу медициналық ұйымға хабарласыңыз.
5.⁠ ⁠Иммуноглобулиннің тиімділігін қамтамасыз ету үшін кене шаққаннан кейінгі алғашқы 4 күнде медициналық ұйымға хабарласу қажет.

Наурыз мейрамында қазақстандықтар қанша күн демалады?

Көктемнің алғашқы айы қазақстандықтарды ұзақ демалыс күтеді.

Мұнай бағасы тағы өсті: Brent мұнайының құны 103,08 долларға жетті 

Азия сауда сессиясының басында мұнай бағасы айтарлықтай өсті. Brent мұнайы баррелі 2,8%-ға қымбаттап, 103,08 долларға, ал WTI мұнайы шамамен 3%-ға өсіп, 96,25 долларға жетті.

Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитов елге оралды 

Ербол Хамитов Астанаға оралды. Астана әуежайында спортшыны туған-туыстары, жанкүйерлері және спорт қауымдастығының өкілдері қарсы алды.

Референдум-2026: Қазақстанда жаңа Конституция қабылданды 

Қазақстанда 2026 жылғы 15 наурызда өткен республикалық референдумның қорытындылары жарияланды.

Өзбекстан президенті Мирзиёев Тоқаевты референдум табысты өтуімен құттықтады

Мемлекет басшысы Өзбекстан президентімен телефон арқылы сөйлесті.