12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«Кемеңгер ақын туралы»


Мемлекет басшысы Қасым — Жомарт Тоқаев «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында «Ғұлама Абай қазақ топырағынан шыққан әлемдік деңгейдегі кемеңгер деп айтқан болатын. Осы тұрғыда, мақаламды кемеңгер ақынның он тоғызыншы қара сөзінен бастауды жөн көрдім.
«Адам ата — анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір естілік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп, білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, соны адам десе болады. Мұндай сөзді есіткенде шайқақтап, шалықтанып не салбырап, салғырттанып есітсе, не есіткен жерде қайта қайырып сұрап ұғайын деп тұшынбаса, не сол жерде сөздің расына көзі жетсе де, шыға беріп қайта қалпына кетсе, естіп — есітпей не керек? Осындай сөз танымайтұғын елге сөз айтқанша, өзіңді танитұғын шошқаны баққан жақсы деп бір хакім айтқан екен, сол секілді сөз болады».

Абай Құнанбайұлы өз заманында заңгер, халықтың әдет — ғұрып заңдарын түптеп білген би болған. Әкесі Құнанбай Өскенбайұлы қазақ арасынан шыққан әйгілі қайраткер, ел билеуші болады. Абайдың дарынды тұлға болып қалыптасуына, зерек болып өсуіне беделді әулеті бар жағдайды туғызып, мінезін қалыптастырды. Ол әкесінің баулуымен билікке араласып, болыс, алқалы жиында төбе би болады. Құнанбайдың әкесі Өскенбай Тобықты руына би болған, хат таныған адам. Халық Өскенбайды «өте әділ болған» деседі. Діншіл адам болған. Пара алуды, пара беруді, өтірік айтып, ұрлық қылуды, адамға табынуды жаны түршігіп жек көрген. Өскенбайды іздеп келген адамдардың дауларын Құнанбай тыңдап, әділ билік айтады, оған екі жағы да риза болып қайтады екен. «Ісің ақ болса, Өскенбайға бар» деген халық аузында аңыз бар. Халық айтысына қарағанда, жат жердің адамдары Өскенбайға келіп, дауларын шештіреді екен.
Әкімшілік соты кемеңгер ақынның туғанына 180 жыл толуына орай, шығармашылығын дәріптеу мақсатында бірнеше шаралар өткізіп келеді. Соның бірі, жуырда әкімшілік сотында ақынның шығармашылығына деген қызығушылықты арттыру және қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту мақсатында викториналық сайыс өткізілді. Сайыста судьялар мен мамандардың арасында ақынның шығармаларын насихаттау, өлеңдерін мәнерлеп оқу, қара сөздерінің мән — мағынасын ашу бойынша көрнекі құралдарды пайдалана отырып өткізілді. Қатысушылар түрлі бағыттағы логикалық, танымдық сұрақтарға жауап беріп, білімдерін сынады және ақынның дүниетанымын кеңінен таныды.
Сонымен қатар, кеңсе мамандары ақынның өлең жолдарын оқу челленджіне қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Мәселен, бас маман Анар Шекенова өзінің жүрекжарды «Төбе би Абай» атты өлеңін шығарып, басылымда жариялады.
Баға жетпес ұлы ақын ойшылға,
әрбір өлең, қара сөзде ой-сыр бар.
«Өлең сөздің патшасы» деп жырлаған,
қазағымда «Абай» деген ақ жыр бар.

Нар тұлғалы біздің Абай атамыз,
айтулы би, заңгер деп те жатамыз.
Жазған заңы қазақ еліне нәр берген,
«Төбе би» деп ұлы ақынды айтамыз.

Ал бас маман — сот отырысының хатшысы Құралай Қувандикова Ұлы Абайға арнап арнау шығарып, жүректі тебірентер әсер қалдырды.
​Абай болған ұлы ақын сөзге шешен,
артық емес патшасы сөздің десем.
Ақыл, білім даналықты шын ұқтырған,
мәңгілік өлең сөзбен болған көсем.

Сөз жетпейді Абай атам өлеңіне,
төтеген адам бар ма құдіретіне?.
Қара сөз, өлеңіне таңданамын,
түсіретін сәулені жүрегіңе.

Сөз соңында айтарым, әрбір қазақ баласы кемеңгер ақынның шығармашылығына, өлеңдеріне, қара сөздеріне деген махаббаты осындай ерекше болса, Абайдың мұрасы бүкіл адамзат баласының рухани азығы болары сөзсіз. Абайды тану арқылы біз Қазақстанды әлемге таныта аламыз деген оймен мақаламды аяқтаймын.

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы
Айгуль Абдуллина

Мүлікті қасақана бүлдіргені үшін  5 тәулікке қамауға алынды  

Өскемен қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында ӘҚБК-нің...

Кассациялық сот құру уақыт талабы

Сот жүйесіндегі биылғы жылдың басты жаңалығы кассациялық соттардың құрылуы...

За совершение административного правонарушения понес наказание законный представитель несовершеннолетнего

  Специализированным межрайонным судом по делам несовершеннолетних Жамбылской области...

Заңды өкіл кәмелетке толмаған баланың әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін жазаланды

Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен Әкімшілік...