Елімізде «Медиация туралы» Заң 2011- жылы 28 – Қаңтарда қабылданған. Күні бүгінге дейін еліміздің түпкір түпкірінде медиаторлар ауқымды жұмыс атқарып жүр. Десек те күйбің тіршілікке көп көңіл бөліп жүрген қарапайым жұртшылық осы медиацияның түпкілікті немен айналысатынының байыбына бара бермеген. Сол себепті медиация сөзін жалпақ тілде оқырмандарымызға айтып өткіміз келді.
Қарапайым тілде айтсақ, Медиатор – берілген жанжалға мүдделі емес, тәуелсіз, нейтралды үшінші жақтың тарапы бола отырып, жанжалдасушы жақтарға бар дауды шешуге көмектесетін адам немесе адамдар тобы.
Медиатор судьяны алмастырмайды. Ол жеке және заңды тұлғалар үшін дауларды шешудің балама неғұрлым аз шығынды тәсілін ұсынады. Медиатор — бұл сот жүйесіне жатпайтын және сот көмекшісі болып табылмайтын кәсіби делдал. Медиаторға жанжалдарды реттеуге азаматтардың өздері жүгінеді. Ол өз кезегінде олардың дауларын талқылау барысында тараптарды өз кезегінде шешім табуға көмектеседі.
Медиатор – Заңның талаптарына сәйкес кәсіби және кәсіби емес негізде медиация жүргізу үшін тараптармен қатыстырылатын тәуелсіз жеке тұлға. Медиатор қызметтері тараптардың келісім бойынша медиатордың жұмыс төлемі ақылы негізде жүргізіледі.
Бір айта кететін жәйт: Сыбайлас жемқорлық қылмыстар және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы өзге де қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша медиация рәсімі қолданылмайды. Бұл заңда көрсетілген. Сол себепті медиаторды – осы Заңның талаптарына сәйкес кәсіби немесе қоғамдық негізде медиация жүргізу үшін тараптар тартатын тәуелсіз жеке тұлға дей аламыз.
Қазақстанда дауды шешу үшін қайда жүгіну керек? Көпшіліктің ойына келетін жауап — сот. Бірақ, елімізде кейбір дауларды соттан тыс шешуге болады. Ондай жолдардың бірі — медиация. Ал оның соттан айырмашылығы қандай?
Медиация — тараптардың даулы мәселелерді өзара келісіп шешетін шара. Ортақ шешімге келуге судья емес, медиатор деген маман көмектеседі. Келісімге келсе, тараптар өзара жазбаша келісім шартын жасасады. Ол медиация туралы шарт деп аталады. Бұл не үшін керек деген сұрақ туындайды: Біріншіден, бұл сотта қарастырылатын даулардың санын азайтуға негізделген процесс.
Медиацияның соттан айырмашылығы бар ма? Әрине бар, оның ең басты айырмашылығы — медиацияда ұтқан, ұтылған деген тарап жоқ, себебі олар екі жаққа қолайлы мәмілеге келуі керек. Сот ісін ашу үшін бір тараптың арызы жеткілікті, ал медиацияға қос тарап келісіп барады. Медиация рәсімі сотқа жүгінуге қарағанда оңай. Сотқа жүгіну үшін тұлға талап арыз жазып, мемлекеттік бажды төлеуі қажет. Сот талап-арызды қабылдағаннан кейін тұлға бірнеше айға дейін сот отырысын күтеді. Сотқа жүгіну үшін заңгерге барады, қызметі үшін ақша төлейді. Ал медиацияда тараптар медиаторлар тізімінен қажет маманды таңдап, еңбек ақысын (егер ақылы болса) бөліп төлейді. Сотта даудың жүру ұзақтығы сотқа байланысты болса, медиацияда тек қана тараптарға байланысты болады. Олар тіпті бір күннің ішінде мәмілеге келе алады.
Қазақстанда кез келген адамның медиацияға жүгінуге құқы бар. Медиацияға ол сотқа дейін де, кейін де баруына болады. Бірақ бұл медиация арқылы кез келген дауды шешуге болады деген сөз емес. Медиация тек еңбектегі, отбасындағы және өзге де құқықтық қатынастардан туындайтын дауларды шешуге, онша ауыр емес, орташа ауыр және кейбір жағдайда ауыр қылмыстық істі шеше алады. Алайда қылмыстық істі медиацияның көмегімен шешу үшін алдымен сотқа бару керектігін ұмытпаған жөн.
Түркістан облысының кәмелетке
толмағандардың істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық
сотының бас маман сот
отырысының хатшысы
Базаров Бейбітжан Абдиашимович


