Келініңді қызыңдай көресің бе деп сұрағанда «жоқ» дедім — Кенталдың анасы

Ұлын ұяға қондарған ата-ана бақытты. Әнші Кенталдың ата-анасы келін алып, қуанысып жатыр. Анасы жас келіннің қазіргі қызметіне дән риза. Ұлына шоу-бизнес өкілінен әйел алуға тыйым салған ана ұлына алғысын айтты.

Кенталдың анасы ұлына шоу-бизнес әлемінен әйел алуға қатаң тыйым салған. Себебі, келін үйде отырып, ата-енесінің, күйеуінің жағдайын жасау керек деді.

«Мен Талғатқа бірден айттым. Шоу-бизнес әлемінен қыз алма дедім. Түзде жүретін қыз керек емес дедім. Әйел ең бірінші кезекте әйел болу керек, ана болу керек. Жолдасының жағдайын жасап, кірін жуып, аяқ киімін сүртіп, күліп қарсы алып, күліп шығарып салу керек. Үйдің жұмысын мойнына алу керек. Басқасы маңызды емес. Тәрбие көрген, айтқанды тыңдайтын келін керек дедім. Ұлым айтқанымды тыңдады. Келініме ризамын. Таңғы жетіде тұрып, сәлем салып, атасына шай береді. Қолым ұзарды», — деді Гүлнәр ханым.

«Оның бәрі өсек»: Роза Рымбаева жаңа келіні мен үлкен той мәселесін айтты

Қайрат Нұртастың жұбайы енесі туралы бар шындықты жайып салды
Қазақи салт-дәстүрді берік ұстанатын Кенжеболатовтар әулеті жақсы келін дайындаудың берік формасын білетін болып шықты.

«Келініммен ұлым бөлек шықпайды. Бірге тұрамыз. Себебі, келін менен тәрбие алуы керек. Баланы шомылдырып үйрену керек. Қонақ күте алуы керек. Қыздың орны басқа. Келін мен қызды салыстыруға болмайды. Менен қызыңдай көресің бе деп сұрағанда «жоқ» дедім. Себебі, атам қазақ қызды басқаша тәрбиелеген. Келіннің өз міндеттері бар. Тәрбие алған келін жақсы ана, жақсы әйел болады. Ажыраспайтын, айтқанға көнетін отбасы болады деп ойлаймын», — деді Кенталдың анасы.

«Ромео мен Джулиетта бір-бірін тапты. Біз тек батасын бердік. Бақытты болса, үлгілі отбасы болса деймін», — деді әншінің әкесі.

Кентал жақында өзінен 14 жас кіші қызға үйленді. Өзге ұлт өкілінің қызын жар етті. Алайда жас келін қазақы тәрбиеге көніп, келіндік қызметін жақсы атқарып жүрген көрінеді.

Әнші бұған дейін жары жайлы бірнеше рет айтқан еді. Ел алдында сүйіктісіне ұсынып жасап, оң жауабын алғаны есте. Кентал қалыңдығының артық жүрісі жоқ, жігітпен кездесіп көрмеген қыз екенін де айтты. Жас жұбайлар сәби күтіп жүр.

Абай облысындағы әйелдер колониясының қызметкерлері Денсаулық күнін спорттық жарыстармен атап өтті

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде Денсаулық күніне орай...

Тұрақты даму мақсаттары: білім мен қоғамды байланыстыратын жүйелі қадамдар

Қазіргі таңда әлем елдері үшін тұрақты даму мақсаттары тек...

Әділ қоғам  қалыптастыруда білімнің рөлі

Қазіргі кезеңде тұрақты дамудың негізгі шарттарының бірі әділ, ашық...

Мемлекеттік қызмет — мерейлі міндет

Мемлекеттік қызмет – мемлекет жүйесінің ел басқарудағы ең маңызды...

Задачи административной юстиции

1 июля 2021 года введен в действие Административный процедурно-процессуальный...