Келесі аптадан бастап Қазақстандағы бүкіл оқушылар мектепке барып оқиды

Келесі аптадан бастап мектептердің бәрі дәстүрлі режимде жұмыс істейді. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өзіңізге белгілі, омикронға байланысты эпидемиологиялық ахуал күрт нашарлаған болатын. Қазір жағдай бақылауда деп айтсам, артық емес. Тәулігіне 16 мыңнан 2000-ға дейін азайып отыр. Сондықтан мұның бәрі — жалпы жағдайдың дұрысталып келе жатқанының нақты көрінісі деп айтуға болады», — деген вице-премьер бизнеске жағдай жасау үшін шектеулер тәртібі өзгертіліп жатқанын еске салды.

«Осыған байланысты 24 қаңтарда өзіңіз берген бизнеске жағдай жасау туралы тапсырмаңызға байланысты оларға жол ашу үшін негізгі карантин шаралары алынып тасталды. Сонымен қатар кеше ғана қазақстандық және шетелдік азаматтардың елге кіріп-шығуын жеңілдету үшін нақты шаралар қабылданды. Келесі дүйсенбі, 14 ақпаннан бастап барлық мектептерде оқуды оффлайн режимге ауыстыруды жоспарлап отырмыз», -деді Ералы Тоғжанов.

Сот актілерінің орындалмағаны үшін тұлғаларды жауапкершілікке тарту тетігі

Сот төрелігін жүзеге асырудың негізгі мақсаты -  азаматтар мен...

Тұғыры биік – туған тіл

Тіл – ұлттың рухани өзегі, халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан...

Казахский инжиниринг на китайской земле

НА ПОБЕРЕЖЬЕ ЖЕЛТОГО МОРЯ, В КИТАЙСКОМ МЕГАПОЛИСЕ ЦИНДАО, ДАН...

Временное пристанище: когда некуда идти

Центр для ресоциализации лиц, оказавшихся в трудной жизненной ситуации...

Отсрочка отбывания наказания

Одной из форм переноса срока исполнения наказания, предусмотренной уголовным...