12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Келесі айдан бастап Нұр-Сұлтан әуежайы тек түнде ғана жұмыс істейді

Келесі айдан бастап Нұр-Сұлтандағы халықаралық әуежайдың ұшу-қону жолағын жөндеу жұмыстары басталады. Осыған байланысты ұшақтар түнде қана қона алады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Азаматтық авиация комитеті таратқан мәліметке сәйкес, жөндеу жұмыстары 15 шілде мен 8 тамыз аралығында күндіз жүргізіледі.

Ал түнде рейстерді қабылдау және ұшыру шаралары атқарылады.

«15 шілде мен 8 тамыз аралығында сағат 11:00-ден бастап 18:00-ге дейін Нұр-Сұлтандағы әуежайда ұшу-қону жолағын жөндеу жұмыстарын жүргізіледі», — делінген ресми хабарламада.

Комитет мамандарының айтуынша, ақпан айында әуе компанияларына тиісті ақпарат берілді. Осыдан кейін ұшу-қону жолағын жөндеу жұмыстарына қарай рейстердің кестесіне түзету енгізілді.

Сондай-ақ, мемлекеттік күзет қызметі мен «Бүркіт» әуе компаниясына ақпарат берілді. Осы ұйым мемлекет басшысына қызмет көрсетеді.

Мемлекеттік тіл – тұрақтылық кепілі

Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру бүгінгі күннің ең өзекті мәселелерінің бірі....

Аида Балаева «Негізсіз ақпараттар әдейі таратылып жатыр»

Бүгін Human Rights Watch халықаралық ұйымы «Қазақстанда журналистерге қысым...

Тіл — мемлекетіміздің тұғырлы тірегі

Қазақ тілінің құдіретін қанша сөзбен айтсақ та, оны жеткізу...

Меншік құқығы Конституциямен қорғалған

Қазақстан азаматтарының меншік құқығы, оның ішінде мұрагерлік құқық Конституциямен...