12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Келес аудандық пробация қызметкерлері сотталғандарға азық-түлік таратты

Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Келес аудандық пробация бөлімінің қызметкерлері пробация есебінде тұратын бес сотталған азаматтың отбасына азық-түлік таратты.

Адам өміріндегі ең игі істердің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беріп, мейірімділік таныту арқылы адам баласы жақсылыққа қадам басады. Қайырымдылық көмек жасауды игі дәстүрге айналдырған Келес аудандық пробация қызметі мұқтаж жандарға жақсылық жасап, қайырымдылық көмек көрсетуді үрдіске айналдырған.

Пробация қызметкерлері аудандық мансап орталығымен және Әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен бірлесіп, пробация қызметінің есебінде тұрған жағдайы төмен отбасыларға демеушіліердің атынан азық-түлік үлестірді.

– Пробация қызметі есебінде тұрған жағдайы төмен отбасыларға қолымыздан келгенше көмек қолын созуға тырысамыз. Себебі, олар көмекке мұқтаж. Осылай көмек көрсету арқылы сотталғандарды қоғамға араласуға бейімдейміз. Сонымен қатар, жақсылық жасау қазақ халқының баяғыдан келе жатқан ісі. Жақсылық жасау арқылы мұқтаж адамдарға жанашырлық танытамыз. Пробация есебіндегі азаматтар арасында жағдайы төмен отбасылар бар. Есептегі азаматтар болған соң, бәрінің жағдайы алақандағыдай белгілі. Сол себепті үнемі азық-түлік таратып, әлеуметтік көмек түрлерін көрсетуге тырысып келеміз. Сондай-ақ, пробация қызметінің негізгі мақсаты, қайта қылмыстың алдын алу, есепте тұрған азаматтарды қайта қоғамға бейімдеу болып табылады. Осындай қайрымдылық шарасы осымен тоқтап қалмайды. Алдағы уақытта да игі істер жасау жоспарда бар, – деді Келес аудандық пробация қызметі бөлімінің бастығы Нүрдәулет Әшірбаев.

Пробация қызметінің құрылғанына да көп уақыт бола қойған жоқ. Осы қызметтің қызметкерлері жұмысқа кіріскен кезден бастап халықтың ыстық ықыласы мен алғысына бөленіп келеді.

– «Екі қолға бір күрек» деп қолдан келген жұмысқа орналасқан едім. Жұмысқа тұрғанда келісім-шарт жасамай, жұмысқа кірісіп кеттім. Ол жерде екі ай жұмыс істедім. Бірақ, жасаған жұмысымның ақысын бермеді. Әйелім бала тәрбиесімен үйде отыр. Содан не керек, оңай олжаға кенелмек болып, ұрлық жасадым. «Ұрлық түбі қорлық» деп бекер айтпаған екен ата-бабамыз. Пробация қызметінде тіркеуде тұрғаныма бір жылдан асты. Әрине, жасаған ісіме өкінемін. Менің түзелу жолыма үлкен септігін тигізген Келес аудандық пробация қызметінің қызметкерлеріне алғыс айтамын. Отбасымызға азық-түлік себетін беріп, жұмысқа орналасуыма мүмкіндік жасады, – дейді сотталған Еркін есімді азамат.

ЖОО-на оқуға түсуге түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - ҮкіметАппаратының басшысы Г.Т. Қойшыбаевтың...

Джи-джитсудан әлем чемпионы Тлеуметов Ерлан Канатович жазалы жасөспірмдермен кездесті

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі...

Проведен субботник у реки Большая Алматинка

По инициативе прокуратуры Алмалинского района, совместно с районным акиматом...

Как сохранить детское зрение

Чтобы сберечь зрение ребенок должен больше двигаться, заниматься спортом...

Үлкен Алматы өзені бойында сенбілік ұйымдастырылды

Алмалы ауданы прокуратурасының бастамасымен, аудан әкімдігі және пробация бөлімімен...