Кеңес алуға 2 миллиард теңге: «Самұрық-Қазына» ақпаратқа қатысты пікір білдірді

«Самұрық-Қазына» қоры кеңес алу қызметтеріне 2,1 миллиард теңгеге жоспарланған сатып алулар туралы ақпаратқа пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Protenge телеграм-арнасы мәліметінше, қордың 2022-2023 жылдарға арналған сатып алу жоспарларында 2,1 миллиард теңгеге «компанияны трансформациялау мәселелері бойынша консультация қызметтерін алу» бар екені туралы ақпарат пайда болды.

Қордың баспасөз қызметі мәліметіне сүйенсек, 2021 жылы сатып алудың ұзақ мерзімді жоспары бекітілгенін. Онда 2022-2023 жылдар кезеңіне 2022 жылдың қаңтардағы сатып алу кезеңімен трансформацияны қолдау қызметтер бабы қарастырылған.

«Қаңтарда бұл шығындарға қажеттілік болмауына байланысты сатып алу жүргізілмеді. 2022 жылдың 10 ақпанында 2022 жылға арналған сатып алудың жылдық жоспары түзетілді, бұл тармақ қазір жоқ», — деп түсіндірді қор өкілдері.

«Самұрық-Қазына» қоры қазіргі уақытта қор бюджетін оңтайландыру жүргізіліп жатқанын, соның нәтижесінде барлық керексіз позицияны алып тастай отырып, ұзақ мерзімді сатып алу жоспары түзетілетінін хабарлады.


Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...