«Kcell» АҚ мен «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС-ға қатысты тергеу басталды

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «Кселл» АҚ мен «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС-ға қатысты тергеу басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«2022 жылғы 17 маусымда Алматы қаласы бойынша монополияға қарсы департамент «Кселл» АҚ мен «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС-ға қатысты монополиялық жоғары бағаларды белгілеу бөлігінде тергеп-тексерулерді бастады.

«Кселл» АҚ-ға қатысты азаматтардың ұялы байланыс операторларының бағасының өсуіне жиі жүгінулеріне байланысты Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі 2020-2021 жылдары ұялы байланыс және мобильді интернет қызметтерінің тарифтерін талдады. Құрамына «Кселл» АҚ және «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС кіретін «Қазақтелеком»АҚ тобының (35 пайыздан астам) үстем жағдайы анықталды», – делінген хабарламада.

Агенттік ұсынған мәліметке сәйкес, «Кселл» АҚ талдау кезеңінде ұялы байланыс (орта есеппен 756 теңге) және мобильді интернет (орта есеппен 1765 теңге) қызметтеріне ең жоғары баға белгілеген.

«Мысалы, бірқатар операторда ұялы байланыс қызметтеріне ең төменгі баға орта есеппен 332 теңгені, мобильді интернет қызметтері үшін, орта есеппен, 1022 теңгеге тең», – делінген хабарламада.

«Кселл» АҚ-ға қатысты тергеп-тексеру ұялы байланыс және интернет қызметтеріне монополиялық жоғары бағаларды белгілеу белгілері бойынша басталған.

«Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС-ға қатысты: 2020-2021 жылдары SMS-тарату қызметтері нарығындағы баға мониторингі қорытындысы бойынша агенттік басқа байланыс операторларымен салыстырғанда «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС-ның бағаларды өсіргенін анықтады”, – деп мәлімдеді агенттіктегілер. 

Ұсынылған ақпаратқа сәйкес, байланыс операторлары 2021 жылы 2020 жылмен салыстырғанда SMS-тарату тарифтерін орта есеппен 14,03%-ға арттырған. Бұл ретте ең жоғары орташа баға «Қазақтелеком» АҚ тобына кіретін «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС-да және «КаР-Тел» ЖШС-мен салыстырғанда «Кселл» АҚ операторларында тіркелді. Бағаның ең жоғары өсу қарқыны «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС мен «Кселл» АҚ-да тіркелген.

Қазір SMS-тарату қызметіне монополиялық жоғары баға белгілеу белгілері бойынша «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС қатысты тергеу басталған.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ 2026 ЖЫЛҒЫ РАҚЫМШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢ: ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ МЕН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының қылмыстық саясаты адам құқықтарын қорғау,...

Әке болуды даулау: Қазақстан Республикасындағы құқықтық реттеу

Әке болуды даулау – отбасы құқығындағы маңызды әрі күрделі...

ГАЗИФИКАЦИЯ – В ДЕЙСТВИИ

В КАЗАХСТАНЕ ПРОДОЛЖАЕТСЯ РЕАЛИЗАЦИЯ МАСШТАБНОЙ ПРОГРАММЫ ПО РАЗВИТИЮ ГАЗОВОЙ...

СПЕЦИАЛИСТЫ ДЛЯ БОЛЬШОЙ ЭНЕРГЕТИКИ

ЗА ОДНИМ СТОЛОМ СОБРАЛИСЬ ПРЕДСТАВИТЕЛИ АГЕНТСТВА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ПО АТОМНОЙ ЭНЕРГИИ, ГОСУДАРСТВЕННОЙ КОРПОРАЦИИ «РОСАТОМ», ПРОФИЛЬНЫХ ОРГАНИЗАЦИЙ, УНИВЕРСИТЕТОВ И ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙ ДВУХ СТРАН. ГЛАВНОЙ ТЕМОЙ СТАЛА НЕ САМА АТОМНАЯ ЭНЕРГЕТИКА, А ЛЮДИ, КОТОРЫМ...

ПРЕСТУПЛЕНИЕ: ОТ СООБЩЕНИЙ К ПОХОРОНАМ

ДОЛГОЕ ВРЕМЯ В КАЗАХСТАНСКОМ ЗАКОНОДАТЕЛЬСТВЕ ОТСУТСТВОВАЛО САМО ПОНЯТИЕ СТАЛКИНГА КАК САМОСТОЯТЕЛЬНОГО ПРОТИВОПРАВНОГО ДЕЯНИЯ. НЕСМОТРЯ НА ТО, ЧТО ЖЕРТВЫ НЕРЕДКО СООБЩАЛИ О НАВЯЗЧИВЫХ ЗВОНКАХ, ПОСТОЯННОЙ СЛЕЖКЕ, УГРОЗАХ И ПРЕСЛЕДОВАНИИ, ПРАВООХРАНИТЕЛЬНЫЕ ОРГАНЫ БЫЛИ...