12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Кассациялық соттың қазақстандық моделі: ол қандай?

         Кассациялық соттың жаңа моделі қалай жұмыс істейді? Бұл соттан қандай өзгеріс күтуге болады? Сот саласындағы жаңашылдықтарға құлағын түріп отырған азаматтарды осы сұрақтардың мазалайтыны сөзсіз. Соған орай сот құрылымында кассациялық соттардың құрылуы, жұмыс тәртібі, негізгі мақсат-міндеттері туралы кең көлемді түсіндіру шаралары жүргізілуде. Әсіресе азаматтардың сұрағына тыңғылықты жауап беріп, құзырлы органдармен түрлі шаралар ұйымдастыруда, бұқаралық ақпарат құралдарында танымдық мақалалар беруде судьялар қауымы белсенділік танытып келеді.

         1 шілдеден бастап Қазақстанда кассациялық соттар қызметіне кіріседі. Бүгінгі күнге дейін үш дербес кассациялық сотты материалдық-техникалық жақтан қамтамасыз ету, сот корпусын сапалы кадрлармен жасақтау бағытында ауқымды жұмыстар қолға алынды. Кассациялық сот судьяларына қойылатын талап жоғары болғандықтан, жаңа соттарға республикадағы тәжірибесі толсықан, кәсіби шеберлігі шыңдалған, ортасына беделді жандардың іріктелгені түсінікті.   

         Жаңа модельдің ерекшелігі айқын. Айталық бұрын Жоғарғы Соттың кассациялық алқасында істер алдын ала іріктеуден өтетін. Таңдап қарау принципі азаматтардың сот төрелігіне теңдей қолжеткізуіне мүмкіндік бермеді. Нәтижесінде шағымдардың тек бес пайызы ғана жоғарғы сатыда қаралып, басқа шағымданушылардың орынды өкпе-ренішін тудырды. 

Көпшіліктің пікір-ұсынысын ескерген Мемлекет басшысы сот төрелігіне толыққанды қол жеткізуді қамтамасыз ету, қылмыстық қудалау саласына тартылған адамдардың құқықтарын қорғау бойынша құзырлы орындарға тапсырма бергені есімізде. Расында, күнделікті тәжірибе көрсеткендей барлық қылмыстық істердің мән-жайын мұқият, үздіксіз тексергенде ғана әділдік орнығады. Бұл сотқа, мемлекеттегі қауіпсіздікке деген сенімнің негізі. Сондықтан, кассациялық соттың жаңа моделі азаматтардың құқығы мен мүддесін үздіксіз, жан-жақты, сапалы қорғаудың тетігі деп бағалағанымыз дұрыс. Жаңа соттар іс бойынша түпкілікті шешім қабылдайтын сот жүйесінің буыны болады.

Кассация жұмысының басты мақсаты – жазықсыз азаматтардың сотталуына жол бермеу. Сонымен қатар, кінәлілер үшін әділ жаза тағайындау да соттың басты міндеті болып табылады.

Кассациялық соттың жұмыс істеуімен Жоғарғы Соттың қызметі де айтарлықтай өзгереді. Істерді қарауға қатысты барлық ауыртпалық жаңа соттарға жүктелгендіктен, енді Жоғарғы Сот республика соттарында ортақ  тәжірибені жетілдіруге көбірек ден қояды. Бұл заңнаманы қолдануда орын алатын олқылықтарды анықтап, шешуге көмектеседі. Сондай-ақ сот практикасының біркелкілігін бұзған қылмыстық істерді қарау да Жоғарғы Сот құзырында. Соның ішінде адам өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталатын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп төнетін және т. б. істер Жоғарғы Соттың қарауына беріледі. 

Міне, осындай іргелі өзгерістерді қарастыратын кассациялық соттар ел игілігіне қызмет етеді деп сенеміз.

Әлия Теберикова,

Батыс Қазақстан облысы

Тасқала аудандық сотының төрағасы

Абай тойының интеллектуалды шымылдығы – «Abai akademiasy»

Абай облысында Абайдың 180 жылдығына арналған онкүндік мерейтойлық шаралар...

Мойынқұмда табиғатты сүю – тәрбие бастауына айналды

Жасыл желекке оранған табиғат — адамзаттың алтын бесігі. Ал...

ПАТРИОТИЗМ – ҰЛТ ТІРЕГІ

Бүгінгі қоғамда патриотизм ұғымы түрлі мағынада қолданылып жүр. Бірі...

Жетісуда атақты қобызшы Молықбай Байсақұлына алып ескерткіш орнатылмақ

Ақсуда атақты қобызшы Молықбай баба аруағына алып ескерткіш орнатылмақ....