12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Кассациялық соттың құрылуы

           Кассациялық сатыдағы сот шешімдерінің заң тәжірибесі мен сот практикасын қалыптастырудың  маңызы зор. Кассация біркелкі нормаларды белгілеуге, заңнаманы түсіндіруге және үйлестіруге, сондай-ақ кейінгі істер мен сот шешімдеріне үлгі болатын жаңа прецеденттерді жасауға әсер етеді.

         Кассациялық соттың құрылуы бұл-Мемлекет басшысының тапсырмасы. Сот жұмысына, судьялар шығарған сот актілерінің сапасына арызданушылар аз емес. Әрине, сот отырысында екі тараптың мүддесі қозғалғандықтан, жеңілген тараптың өкпе-реніші болатыны рас. Бірақ дауларды шешудің баламалы тәсілдерін енгізу, сот актілерін түсіндіру,  сот отырыстарын дыбыс-бейне таспаға жазу бойынша қолға алынған шаралар сот жұмысына деген наразылықты біршама төмендеткен еді. Жоғарғы Сот бұл нәтижемен тоқтап қалмай, төрелікке деген сенімді қалыптастыруға түрткі болатын тетіктерді жан-жақты қарастыруда. Осы ұсыныстың қатарында Кассациялық сот құру басты орында тұр.

           Кассациялық сот Астана қаласында отырып, бүкіл республикалық деңгейде жұмыс істейді. Төменгі сот шешімімен келіспегендер бірден осында жүгіне алады. Бұл — сот жүйесінің әділ жұмыс істеуіне кепілдік беріп, азаматтардың сенімін арттырады.

          Кассациялық сот-төменгі органдар  шығарған сот шешімдерін қадағалайтын және түзететін сот жүйесінің бір түрі. Істерді кассациялық сатыдағы сотта қарау белгілі бір негіздер бойынша ғана мүмкін болады. Кассациялық соттың негізгі міндеті- сот шешімдерін қабылдау кезінде заңдардың дұрыс қолданылуы  мен түсіндірілуінің сақталуын қамтамасыз ету. Ол істің нақты және дәлелді жақтарын қарастырмайды, тек заңның дұрыс қолданылуын заң жүзінде тексерумен ғана шектеледі. Кассациялық сатыдағы сот даулы іс материалдарын егжей-тегжейлі зерделемей, сот шешімдеріндегі нормалардың сақталуын тексеруге баса назар аударады.
           Кассациялық сот заң тәжірибесінде маңызды рөл атқарады және құқықтық жүйенің  дамуына ықпал етеді. Оның шешімдері жаңа прецеденттердің орын алуы үшін және қоғамдағы дауларды шешуде өте маңызды. Мұндай сот жалпы юрисдикциядағы соттар жүйесінде соңғы шешуші инстанция ретінде әрекет етеді. Бұл істі кассациялық сотта қарағаннан кейін шешімге шағымдануға мүмкіндік жоқ деген сөз. Сондықтан кассациялық соттың шешімі түпкілікті және міндетті болып табылады.

            Кассациялық сот үш бағытта жұмыс істейді. Қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істерді толық қарайды.
          Судьялар корпусының жауапкершілігіне де ерекше көңіл бөлініп отыр. Құжатта «заңды өрескел бұзу ұғымы» нақтыланған. Қандай да бір қателік жіберген қазының ісі бірден сот жюриінің қарауына жіберілмек.

             Судья қандай да бір кемшілік жіберген болса, ол Жоғары соттан, облыстық соттан тыс барлығы сол сот жюриінде қаралатын болады. Арыз-талап, жіберілген кемшіліктердің барлығы тыс қалмайды.

                  Кассациялық сот- сот жүйесін заңсыз шешімдерден тазарту функциясында атқарады. Төменгі сатыдағы соттың шешімі заңсыз немесе негізсіз деп танылса, кассациялық сатыдағы сот оның күшін жойып, істі жаңадан сот талқылауына жіберуі немесе түпкілікті шешім қабылдауы мүмкін. Осылайша, кассациялық соты заң тәжірибесінде, прецеденттерді белгілеуде, құқықтық тәжірибені қалыптастыруда және дауларды шешуге ықпал етуде маңызды рөл атқарады.

Қызылорда қалалық сот әкімшісі басшысы

Н.Дуйсенова

Новый центр сервиса появится в Катон-Карагае в рамках программы «Ауыл Аманаты»

В Катон-Карагайском районе ВКО продолжается активная реализация важных проектов...

Объем валовой продукции животноводства в Казахстане достиг 3 трлн тенге

Объем произведенной продукции животноводства полностью обеспечивает потребности внутреннего рынка По...

Келер жылы елімізде тағы бір үлкен спорттық дода өтуі мүмкін

2026 жылы елімізде бокстан студенттер арасында әлем чемпионаты дүбірлі...

Тіл – темір қазығымыз

Тілсіз қоғамның қандай түрі болса да өмір сүре алмайды,...

Қазақстан экономикасындағы жаңа бағыт: Цифрландыру кезеңі

Қазақстан өңдеу өнеркәсібін жаңғыртуда жаңа, тарихи маңызды кезеңге аяқ...