12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Кассациялық соттар жұмысына кірісті

Қазақстан астанасында Жоғарғы Сот Төрағасы Асламбек Мерғалиев пен ҚР Президентінің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаевтың қатысуымен кассациялық соттың салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Салтанатты рәсімге қатысушылар алдында сөз алған А.Мерғалиев Мемлекет басшысы Судьялардың IX съезінде сот төрелігіне қолжетімділікті кеңейтуге, инвестициялар мен бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдай жасауға, сондай-ақ әділеттілік және заң үстемдігі қағидаттарын жүзеге асыруға бағытталған сот реформасының маңыздылығын ерекше атап өткеніне тоқталды. Бұл реформаның негізгі элементі кассациялық соттарды енгізу болды.

Жоғарғы Сот Төрағасының айтуынша, кассациялық соттың ашылуы сот жүйесі дамуының жаңа кезеңін білдіреді және мемлекеттің сот төрелігінің жоғары стандарттарын қамтамасыз етуге ұмтылысын айғақтайды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен жаңа кассациялық сот төрағалары болып тағайындалған азаматтық істер бойынша – Асқар Смайылов, қылмыстық істер бойынша – Ақан Жұмағұлов, әкімшілік істер бойынша – Берік Нәжімиденов сот корпусына таныстырылды.

Жоғарғы Сот Төрағасы кассациялық соттар еліміздегі «Заң мен тәртіп» қағидатын бекіте отырып, заң үстемдігін қамтамасыз етудің тиімді буынына айналатынына сенім білдірді. Ресми шарадан кейін қатысушылар азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі кассациялық сот ғимараттарының тұсаукесерімен танысты. Сондай-ақ әкімшілік істер жөніндегі кассациялық соттың фронт-кеңсесін, сот отырысы залдарын, судьялар, прокурор, медиатор, адвокат бөлмесі мен оқу орталығын қарап шықты. Одан кейін А.Мерғалиев пен Е.Жиенбаев кассациялық соттардың судьялар құрамымен жұмыс кеңесін өткізіп, негізгі басымдықтар айқындалып, нақты міндеттер белгіленді.

Сот әкімшілігінің басшысы Н.Ахметзакиров кассациялық соттар департаментінің ұжымына оның жаңа басшысы Ержан Қожахметовті таныстырды. Е.Қожахметов бұрын Сот әкімшілігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы ретінде өзін тек мықты ұйымдастырушы, білікті басшы ретінде танытқан.

Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі

Абай тойының интеллектуалды шымылдығы – «Abai akademiasy»

Абай облысында Абайдың 180 жылдығына арналған онкүндік мерейтойлық шаралар...

Мойынқұмда табиғатты сүю – тәрбие бастауына айналды

Жасыл желекке оранған табиғат — адамзаттың алтын бесігі. Ал...

ПАТРИОТИЗМ – ҰЛТ ТІРЕГІ

Бүгінгі қоғамда патриотизм ұғымы түрлі мағынада қолданылып жүр. Бірі...

Жетісуда атақты қобызшы Молықбай Байсақұлына алып ескерткіш орнатылмақ

Ақсуда атақты қобызшы Молықбай баба аруағына алып ескерткіш орнатылмақ....