12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Кассациялық соттар департаментінің құқықтық мәртебесі және оның сот жүйесіндегі рөлі

Бүгінгі таңда, Қазақстан Республикасы құқықтық мемлекет ретінде сот жүйесінің тиімділігін арттыру бағытында бірқатар институционалдық реформаларды жүзеге асырып келеді. Бұл реформалардың басты мақсаты — әділ, ашық және халыққа қолжетімді сот төрелігін қамтамасыз ету болып табылады. Осы тұрғыда сот жүйесінің әрбір деңгейінің, соның ішінде кассациялық инстанция мен оны қолдайтын әкімшілік құрылымдардың жұмысын ұйымдастыру өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасының сот жүйесiн Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заңға сәйкес құрылатын жергiлiктi және басқа соттар құрайды.

Жергілікті соттарға — апелляциялық сатыдағы істерді қараушы құзыреттілігмен төрелік етуші облыстық және оларға теңестiрiлген соттар, сондай-ақ республика астанасының қалалық соты, республикалық маңызы бар қалалардың қалалық соттары мен істердің бірінші сатыдағы қаралуын қамтамассыз ететін аудандық және оларға теңестірілген соттар құрайды.

Қазақстан Республикасында басқа соттарының құрамына,  Қазақстан Республикасының Президентімен өңіраралық мәртебесімен құрылған кассациялық соттар, мамандандырылған (әскери, қаржылық, экономикалық, әкiмшiлiк, кәмелетке толмағандардың iстерi жөнiндегi және басқа) соттар кіреді.

Кассациялық соттар сатысында қабылданатын шешімдер заң нормаларын біріздендіру, сот тәжірибесін жүйелеу және әділеттілікті қалпына келтіру бағытында ерекше маңызға ие. Кассациялық соттар департаменті — осы жүйенің маңызды әкімшілік буыны.

2025 жылдың 1 шілдесінен бастап елімізде қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша үш дербес кассациялық сот пен оның ұйымдастырушылық, әкімшілік, техникалық-тіркеу және кадр мәселелерін үйлестіруші Сот Әкімшілігінің кассациялық соттары Департаменті толыққанды жұмыс істей бастады. 

Президент жарлығына сай:

•        Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот төрағасы — Смайылов Асқар Спартакұлы және 37 судья ,

•        Қылмыстық істер бойынша кассациялық сот төрағасы — Жұмағұлов Ақан Маратұлы және 20 судья,

•        Әкімшілік істер кассациялық сот төрағасы — Нәжімеденов Берік Төлеутайұлы және 18 судья тағайындалды.

•        Сонымен бірге сот әкімшілігінің департамент басшысы лауазымына Қожахметов Ержан Қайроллаұлы тағайындалған.

Жоғарғы Соттың назарын негізгі функцияларға – сот практикасының бірізділігіне, құқық қолданудың әділеттілігіне аудару мүмкіндігі пайда болды.

Қазақстан сот жүйесінде кассациялық кезеңді реформалау – әділеттілікке қолжетімділікті арттырып, сот актілерінің сапасына бақылауды күшейтіп, Жоғарғы Соттың институционалдық рөлін нығайтатын маңызды қадам болып табылады.

Кассациялық соттар департаменті осы реформаның жүрегі ретінде сот әкімшілігінің техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді, кадрлық саясатты, жүйенің тиімді қызмет ету механизмдерін енгізіп, 2025 жылы 1 шілдеден бастап іске қосылған жаңа сот жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етеді.

Кассациялық соттар департаменті кассациялық соттардың қызметін ұйымдастырушылық-құқықтық, ақпараттық-талдамалық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді Департамент құзыреті шегінде жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің аумақтық органы болып табылады.

Департаменттің негізгі мақсаты —кассациялық сатыдағы сот істерінің сапалы және уақтылы қаралуын ұйымдастыру, сот төрелігінің тиімді жүзеге асырылуына жәрдемдесу және кассациялық сот процестерінің заң аясында жүргізілуіне әкімшілік-ұйымдастырушылық қолдау көрсету болып табылады.

Департаменттің міндеті тәуелсіз сот төрелігін жүзеге асыру үшін қажетті әрі жеткілікті жағдайлар жасау болып табылады.

Кассациялық соттар департаменті белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан және лауазымды тұлғалардан қажетті құжаттар мен материалдарды сұратуға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдардың иелігіндегі қолжетімді ақпараттық деректер қорын өз құзыретінің шеңберінде пайдалануға, Сот әкімшілігінің басшысына кассациялық соттардың судьяларының және Департамент қызметкерлерінің еңбегін қорғау, оларды материалдық және әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелері бойынша ұсыныстар енгізуге құқылы.

Департаменттің басты функциялары: кассациялық сот төрағаларының, кассациялық соттардың жалпы отырыстарының жұмысын ұйымдастыру, ақпараттық-талдамалық және материалдық-техникалық тұрғыдан қамтамасыз ету, Сот әкімшілігіне осы тұрғыдан кассациялық соттардың қызметін ұйымдастырушылық, ақпараттық-талдамалық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етудің жай-күйі туралы ақпаратын дайындау, сондай-ақ кассациялық соттардың жалпы отырыстары қабылдаған шешімдерінің орындалуын қамтамасыз ету, кассациялық соттардың жұмысында кадрлық қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізу, кассациялық соттардың судьялары мен Департамент қызметкерлерінің жеке есебін жүргізу, сот оқуы, судьялардың, Департамент қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және олардың тағылымдамадан өтуі жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, кассациялық соттардың бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара ic-қимылын қамтамасыз ету және т.с.с нақты бекітілген міндеттерін атқару болып табылады. 

Департамент өзінің қызметінде сот билігінің дербестігіне араласпай, тек ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қолдау көрсетумен айналысады сот ісін жүргізуге ықпал етпейтін, тек әкімшілік қолдаумен шектелетін, заңдылық пен ашықтықтықты құқықтық нормаларға сәйкес қамтамасыз ететін электрондық сот төрелігі жүйелерін қолдану арқылы процестерді оңтайландыру қағидаттарына сүйенеді. 

Департамент азаматтардың конституциялық құқықтарының сақталуына жанама түрде ықпал етеді. Ол арқылы сот төрелігінің ашықтығы артып, қоғамның сот жүйесіне деген сенімі нығая түседі.

Қазіргі таңда сот жүйесінде «Төрелік» ақпараттық жүйесі, электрондық құжат айналымы, видеоконференциялық байланыс, сот актілерінің электронды базасы секілді құралдар белсенді қолданылуда. Кассациялық соттар департаменті осы технологиялардың сот жұмысында тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді.

         Департаменттің сот реформаларындағы ерекше орны бар, ол кассациялық сатыдағы сот істерінің сапалы және жүйелі түрде қаралуы еліміздің құқықтық жүйесінің сенімділігі мен әділеттілік қағидаттарының сақталуына тікелей әсер етеді. Бұл ретте, Кассациялық соттар департаментінің ұйымдастырушылық әлеуеті мен тиімділігі құқықтық мемлекет ретінде Қазақстанның даму бағытына сай келеді.

Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Кассациялық соттар департаменті — еліміздегі құқықтық жүйенің тұрақтылығы мен сенімділігін қамтамасыз ететін маңызы зор бірден бір құрылым. Оның тиімді қызметі Жоғарғы Сот жұмысының сапасын арттыруға, сот ісін жүргізу рәсімдерінің жетілдірілуіне және жалпы сот жүйесінің заманауи талаптарға сай болуына ықпал етеді. Бұл құрылым — құқықтық мемлекет қағидаттарын орнықтыруға қызмет ететін сенімді әкімшілік тірек.

Сот реформасының қазіргі кезеңінде кассациялық сатыны күшейту және сот тәжірибесін біріздендіру — басты басымдықтардың бірі. Бұл міндетті іске асыруда жалы Сот Әкімшілігі мен оның құрылымдарының рөлі күннен-күнге артып келеді.

Департаменттің заманауи ақпараттық жүйелермен жұмыс істеуі мен сот практикасын талдауға қосқан үлесі құқықтық реформалардың табысты жүзеге асуына тікелей әсер етеді. Болашақта оның қызметін одан әрі жетілдіру сот жүйесінің сапалы дамуына серпін беретіні сөзсіз.

Алматы гарнизонының 

әскери сот әкімшісінің бас маманы 

Бекболатова Балжан Серикбаевна

«Blockchain» технологиясы Мемлекеттік қызмет көрсету жылдамдығын қалай арттырады

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы серіктес банктермен бірлесіп «Blockchain»...

Мемлекеттік тілді құрметтеу мәртебе!

       Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын дамыту – ел болашағы үшін...

Абайдың мұрасы – сарқылмас қазына

Абай XIX ғасырдың бірінші жартысының соңында қазіргі Шығыс Қазақстан...

«АБАЙЛАҢЫЗ, ЖАРЫЛҒЫШ ЗАТ!» ЖАЛҒАН ХАБАРЛАМА АРТЫНДА НЕ ЖАТЫР?

Соңғы жылдары елімізде қоғамдық тәртіп пен заңды өрескел түрде...

ЖАТ АҒЫМДАРМЕН КҮРЕС – ЖАЛҒЫЗ БАСҚАРМАНЫҢ міндеті емес

Сан түрлі деструктивті ағымдар ел ішіне іріткі салып, күрделі...