spot_img
spot_img

Кассациялық сот сатысын құру бойынша түсіндірме!

Бүгінде сот жұмысының сапасын арттыру мемлекеттің басты міндеттерінің бірі екені белгілі. Әрине, сот отырысында екі тараптың мүддесі қозғалғандықтан, жеңілген тараптың өкпе-реніші болатыны рас.
Дауларды шешудің баламалы тәсілдерін енгізу, сот актілерін түсіндіру, сот отырыстарын дыбыс-бейне таспаға жазу бойынша қолға алынған шаралар сот жұмысына деген наразылықты біршама төмендетті.
Қазіргі таңда, кассациялық сатыда кейбір істердің қайта қаралмауы бойынша қоғамда көптеген пікірталастар туындауда.
Мәселен, Қазақстан Республикасының Азаматтық Процестік кодексінің (әрі қарай-АПК) талаптарына сай азаматтық істердің кассациялық сатыда қаралуы үшін тиісті талаптар белгіленген.
Атап айтқанда: (АПК 434-бабы)
1) бұйрық арқылы және оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қаралған;
2) татуласу келісімімен, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісіммен немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісіммен аяқталған;
3) талап қою сомасы екі мың айлық есептік көрсеткіштен кем болған кезде жеке тұлғалардың және талап қою сомасы отыз мың айлық есептік көрсеткіштен кем болған кезде заңды тұлғалардың мүліктік мүдделеріне байланысты;
4) талап қоюдан бас тартуға байланысты аяқталған істер бойынша;
5) берешекті қайта құрылымдау туралы істер, сондай-ақ оңалту рәсімі мен банкроттық рәсімі шеңберінде туындайтын даулар жөніндегі, оның ішінде борышкер немесе ол уәкілеттік берген тұлға жасасқан мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы, борышкердің мүлкін қайтару туралы, банкроттықты немесе оңалтуды басқарушының талап қоюлары бойынша дебиторлық берешекті өндіріп алу туралы істер бойынша сот актiлері кассациялық тәртiппен қайта қарауға жатпайды.
Осыған орай, осы мәселенің бірден-бір шешімі сот жүйесінің дербес кассациялық сатысын құру. Сол арқылы барлық іс санаттарының кассациялық тәртіпте қайта қаралуына мүмкіндік жасап, азаматтар мен заңды тұлғалардың өз құқықтарын толық жүзеге асуына мүмкіндік жасау. Дербес кассация сатысы әлемнің көптеген елдерінде әрекет етеді (Түркия Республикасы, Ресей Федерациясы).
Бастама Президенті Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаевтың кассациялық сотты жасақтау жөніндегі тапсырмасынан кейін жүзеге асырылуда. 2023 ж 12 қыркүйекте мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесу барысында әкімшілік әділетті күшейтіп, бұл институттың қолданыс аясын кеңейтуге басымдық берілетінін алға тартып, азаматтардың құқықтарын сапалы қорғауды қамтамасыз ету үшін жекелеген кассациялық соттар құрудың маңыздылығы туралы атап өтті.
Өз кезегінде тәуелсіз кассациялық сот құру сот төрелігінің сапасын және азаматтардың жалпы соттарға деген сенім деңгейін арттыруға ықпал етеді, азаматтардың ұсыныс-талабын ескере отырып шешім шығаруға жол ашады.
Астана қаласында азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істер бойынша үш жеке кассациялық сот инстанциясы құрылады. Ең бастысы бұл кассациялық орган толық тәуелсіз болады. Сонымен бірге, істердің барлық санаттары бойынша арыздарды кассациялық сатыда алдын ала қарау сатысы алынып тасталуы да басты мәселе. Себебі, бүгінге дейін істерді бір судьяның қарап пайымдауымен алқа қарауына жіберілмей келгені белгілі. Бұл азаматтар мен кәсіпкерлердің заңды ренішін туындатқан еді. Сонымен қатар барлық санаттағы істерді қарауға тараптар міндетті түрде қатысуы керек, әрі істі алқалы құрам жүргізуі тиіс, себебі алқадағы бір судьяның қарап зерделемегені, қалған екі судьяның назарынан сырт қалуы мүмкін болмас деген ұсыныстар бар.
Дегенмен, кез-келген жүргізілетін реформа нәтижесі өзіндік үлгіде қалыптасқан құқықтық мемлекет құру және мемлекеттің ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтарының мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз ету екені баршамызға мәлім.

                       Қызылорда қалалық сотының судьясы А.Қаршыға

Библиотекари посетили школу

В Таразе вошло в практику, когда сотрудники библиотечной сети...

Свобода от зависимости 

Наркотическая зависимость – это одна из самых серьезных социальных...

Час честности

Студенты Международного Казахско-Турецкого Университета им. Х. Ясави в процессе...

В статусе культурной столицы

В РАМКАХ РЕШЕНИЯ О ПРИСВОЕНИИ ГОРОДУ АКТАУ ЗВАНИЯ «КУЛЬТУРНАЯ...