12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Кассациялық сот құрудың маңызы

Елімізде сот жүйесін жаңғырту бағытында жүйелі реформалар жүзеге асырылуда. Соның айқын көрінісі ретінде 2025 жылдан бастап кассациялық сот құру бастамасының іске асырылуын атауға болады. Бұл бастама құқық үстемдігін қамтамасыз етуге, сот төрелігінің сапасын арттыруға және азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіруге бағытталған маңызды қадам болды. Аталған мәселе Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотыдеңгейінде жан-жақты талқыланып, құқықтық қауымдастық тарапынан қолдау тапты.

Кассациялық соттарды құру кезінде олардың институционалдық тәуелсіздігіне, судьялардың кәсіби біліктілігі мен адалдығына ерекше назар аударылды. Судьялық лауазымдарға ашық әрі жария түрде іріктеу жүргізу, олардың дербестігін қамтамасыз ету – сот жүйесіне деген сенімді арттырудың басты шарттарының бірі. Өйткені кассациялық саты – сот актілерінің заңдылығы мен негізділігін тексеретін соңғы әрі шешуші деңгей.

Соңғы жылдары жария-құқықтық дауларды қарау тәжірибесінде де оң өзгерістер байқалды. Әкімшілік әділет институтының енгізілуі азаматтар мен мемлекеттік органдар арасындағы дауларды әділ әрі тиімді шешуге мүмкіндік берді. Бір жылдың ішінде сот шешімдерінің 60 пайыздан астамының азаматтар мен бизнес субъектілерінің пайдасына шешілуі – осы реформалардың нәтижелілігін көрсетеді. Бұл көрсеткіш қоғамның сот жүйесіне деген сенімінің арта түскенін аңғартады.

Кассациялық соттың құрылуы сот шығындарын негізсіз арттырмай, керісінше, сот төрелігінің сапасын жақсартуға бағытталған. Азаматтардың өтініштері мен уәждерін жан-жақты зерделеу арқылы әділ шешім қабылдау мүмкіндігі кеңейеді. Сонымен қатар, құқық қолдану тәжірибесін біріздендіру, заңнаманы түсіндіру және сот практикасын қалыптастыруда кассациялық соттың рөлі ерекше болмақ.

Дауларды шешудің баламалы тәсілдерін дамыту, сот актілерін түсіндіру тетіктерін жетілдіру, сот отырыстарын дыбыс-бейнежазбаға міндетті түрде тіркеу сияқты жаңашылдықтар сот төрелігінің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз етті. Бұл шаралар сот процесіне қатысушылардың құқықтарының сақталуына кепілдік беріп, әділдікке деген сенімді нығайтты.

Президент бастамасымен қолға алынған кассациялық сот құру идеясы бүгінгі таңда нақты жүзеге асырылып, өз қызметін бастады. Бұл – сот жүйесін жетілдіруге бағытталған стратегиялық шешім. Кассациялық сатының дербес жұмыс істеуі сот төрелігінің сапасын жаңа деңгейге көтеріп, құқықтық мемлекет қағидаттарын нығайтуға ықпал етеді.

Қорытындылай келе, кассациялық соттың құрылуы – еліміздің сот жүйесін институционалдық тұрғыдан күшейтетін, әділ сотқа қолжетімділікті арттыратын және қоғамның құқық қорғау тетіктеріне деген сенімін нығайтатын маңызды реформа. Алдағы уақытта бұл бастама сот практикасының сапасын арттырып қана қоймай, құқықтық мәдениеттің дамуына да оң әсерін тигізері сөзсіз.

Қызылорда қаласының №2 сотының бас маманы Д.Ахметов

Ресми құжаттарға апостиль қою

Апостиль дегеніміз – бұл құжатқа қол қойған лауазымды тұлғаның...

Атқарушылық өндіріс сатысында болатын бітімгершілік

Республикамыздың Медиация туралы заңы дауларды сотқа дейінгі тәртіппен реттеуге,...

Заң мен тәртіп қағидаттарын ілгерілетуге бағытталған телемост өткізілді

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының 2025 жылғы 20 қазандағы...

“Кәусар” оңалту орталығы: сапалы өмірге бастар жол

Алматы облыстық «Кәусар» оңалту орталығының директоры Бағдагүл Салибековамен медициналық...

Областной реабилитационный центр «Кәусар»: возвращаем качество жизни

С директором центра — Багдагуль Салибекова — мы поговорили...