12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Кассациялық сот құрудың маңызы мен ерекшелігі

2024 жылы 5 шілдеде Мемлекет басшысы кассациялық соттарды реформалауға бағытталған Конституциялық заңға қол қойды. Бұл жаңашылдық еліміздің сот жүйесін жетілдіру мен әділ сот төрелігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам деуге болады.

Өйткені осы өзгерістерден соң елімізде әділетті сот жүйесін күшейтіп, азаматтардың құқықтарын қорғауды жақсартуға бағытталған шаралар жүзеге аса бастайды деп күтілуде. Осы тұрғыдан алғанда кассациялық соттар сот жүйесінде жаңа деңгей ретінде әрекет етіп, сот актілерін қайта қарауға және заңды қадағалауды күшейтуге жол ашпақ. Яғни, Қазақстанда енгізіліп жатқан кассациялық соттар – сот жүйесін жаңғыртуға арналған жаңа инстанция деуге болады.

Кассациялық соттарда құрудағы тағы бір маңызды қадам, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылдың қыркүйек айында отандық бизнес өкілдерімен кездесу барысында азаматтардың құқықтарын сапалы қорғауды қамтамасыз ету үшін жекелеген кассациялық соттар құрудың маңыздылығы туралы атап өткен. Кассациялық соттардың негізгі міндеті – сот шешімдерінің заңдылығын тексеру екенін ескерсек, бұдан былай еліміздегі азаматтардың құқығын қорғау сапалы деңгейге көтеріледі деп айта аламыз. Олар апелляциялық соттардың шешімдерін құқықтық тұрғыдан бағалап, заң талаптарына сай болуын қадағалайды. Бұл жаңа инстанция сот қателіктерін түзетіп, заңнаманың біркелкі қолданылуын қамтамасыз етуге бағытталған дей аламыз. Кассациялық соттар сот шешімдерін қосымша тексеру арқылы заңдылық пен әділдікті орнатуға жола ашады. Яғни сот қателіктерін анықтап, дұрыс емес шешімдерді түзетуге мүмкіндік береді. Сот шешімі бір емес кейде бірнеше адамның тағдырына әсер ететін болғандықтан сот шешімдерінің барынша мұқият екшеліп, бірнеше тексеруден өтуі де әділірек. Президент атап өткендей, бұл жүйе жоғарғы соттың жүктемесін азайтуға да ықпал етпек. Бұрын кассациялық шағымдар тікелей жоғарғы сотқа берілсе, енді жаңа кассациялық соттар бұл міндетті өзіне алып, жоғарғы сот тек ең күрделі істерді қарастырады. Жүктемені азайту арқылы барынша әрбір істің мұқият зерделенуіне мүмкіндік беріледі. Сот шешімдерінің сапасын арттыру айналып келгенде халықтың наразылығын азайтуға әділетті Қазақстан құруға қадам болмақ. Осы тұрғыдан келгенде кассациялық соттар сот шешімдерінің сапасын жақсартуға және заңдардың дұрыс әрі біркелкі қолданылуын қамтамасыз етуге ықпал етеді деп күтіліп отыр.

Ең бастысы, бұл кассациялық орган толық тәуелсіз болады. Жаңа жүйе аясында қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша үш кассациялық сот құрылмақ. Кассациялық тәртіптегі істер алдын ала қараусыз, бірден үш судьядан тұратын алқаға жіберіледі. Кассациялық соттардың құрылуы Қазақстанның сот жүйесін одан әрі дамытуға, сот шешімдерінің сапасын арттыруға және азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған маңызды қадам болады деп күтіліп отыр.

Жалпы осыларды екшей келе айтарымыз кассациялық сот азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауда маңызды рөл атқарады. Әділетті қоғам, жемқорлықсыз жүйе құру жолында атқарылып жатқан бұл өзгерістердің барлығы халықтың көңілінен шығарына сенім мол!

Д.Р. Джузбаева, Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы

2025 жылы «Каспий» биржасында 26 мың тоннадан астам битум сатылды

«Каспий» тауар биржасы» АҚ 2025 жылдың бірінші жартыжылындағы битумның...

АЛМАТЫДАҒЫ ТЕРГЕУ ИЗОЛЯТОРЫНАН РАҚЫМШЫЛЫҚПЕН АЛҒАШҚЫ СОТТАЛҒАН БОСАП ШЫҚТЫ

Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №72 мекемеде...

Казахстан участвует в министерском сегменте Политического форума ООН по устойчивому развитию

В Нью-Йорке (США) началась работа министерского сегмента Политического форума...

Интернеттегі алдану: алаяқтықтың сұм айласы

Цифрлы технология күн санап дамып, интернет желісі халықтың күнделікті...

Азаматтық істердегі эксаумақтық соттылық

Эксаумақтық соттылық (экстратерриториалдық юрисдикция) — мемлекеттің өз аумағынан тыс...